в) көпке бөліну арқылы (синтомия), мұндайда ядросы бірнешеге бөлініп, қарапайымдылар уақытша көп ядролы болады. Мұнан жаңа ядролардың маңынан цитоплазма бейімделіп, органеллалар түзіледі де, соңынан көпке бөлініп, көптеп жаңа ағзалар пайда болады. Егер бөліну нәтижесінде жыныссыз ұрпақтар пайда болса, оларды меронт (шизонт) деп атап, мұндай көбеюді мерогония (шизогония) деп атайды. Мерогония нәтижесінде пайда болған жаңа қарапайымдыларды мерозоит деп атайды. Егер көбею нәтижесінде еркек немесе ұрғашы түрлері пайда болса, онда көп ядролы жасушалар гамонт деп аталады да, мұндай көбеюді-гаметогония деп атайды. Гаметогония нәтижесінде пайда болған түрлерін-гамета деп, микрогаметтер (еркек жынысты) және макрогаметтер (ұрғашы жынысты) деп екіге бөлінеді. Егер көпке бөліну жынысты процестен кейін болса, онда көп ядролы жасушаны споронт деп атап, ал мұндай көбеюді спорогония дейді. Спорогония нәтижесінде пайда болған ұрпақты спорозоит деп атайды.
Көбеюдің жынысты түрінде ұрықтану копуляция не коньгация арқылы іске асады. Копуляция кезінде екі басқа жынысты қарапайым-дылар (гаметтер) сырттай бір біріне ұқсас (изогаметтер) немесе бір-біріне мүлде ұқсамайтын (анизогаметтер) қосылғаннан кейін зигота түзейді. Бұл құбылыс ядролардың қосылуымен аяқталады, оның нәтижесінде зигота ішінде қос табиғатты ядро пайда болып, яғни оның ішінде хромосомдар саны екі есе көп болады.
Коньюгация арқылы жыныстық жолмен көбейгенде, қарапайымдылар біржола қосылып кетпей, тек қана уақытша жақындасып, ядро бөлшектерімен және цитоплазмамен айырбас жасасып, қайта айыры-лысады да, өз бетімен өмір сүре бастайды. Коньюгация- Cіlіata тобының өкілдерінде ғана байқалады. Копулияция және коньюгация жыныс процестеріне жатады, бірақ бұларда қарапайымдылар көбеймейді, олардың саны өзгеріссіз қалады. Қарапайымдылардың саны тек қана көбеюдің жыныссыз түрінен ғана өзгеріп, ол жынысты процеспен кезектесіп отыруы шарт.
Протозоидтық ауруларды анықтағанда эпизоотологиялық деректерді, клиникалық белгілерді, зертханалық зерттеулер нәтижесін ескереді.Егер қоздырғыш қан эритроциті ішінде өмір сүрсе, Романовский әдісімен боялған, жұқа қан жағындысын зерттейді (пироплазмидоздар), ал қан плазмасындағы паразиттерді (трипаносомдар) езілген тамшы әдісімен зерттейді. Көптеген ауруларды диагностикалауда серологиялық әдістер қолданылады. Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР) немесе комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР) - тейлериоз, нутталлиоз, токсоплазмоз ауруларында, КБР – жылқының киеңкі (қарақаптал) ауруында, ірі қара мал және мүйізді ұсақ малдың анаплазмозында қолданылады. Ішектегі қоздырғыштарды Фюллеборн және Дарлинг әдістерімен малдың қиын зерттеп анықтайды. Кейбір жағдайларда (су-ауру, токсоплазмоз) диагнозды анықтай түсу үшін зертханалық хайуандарға (ақ тышқандар, т.б.) биосынама қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |