Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АҒАШ ЕКСЕҢ, КҮНӘҢ ЖЕҢІЛДЕЙДІ



Pdf көрінісі
бет11/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АҒАШ ЕКСЕҢ, КҮНӘҢ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Ертеде бір қандықол қарақшы тәубе еткісі келеді. Ол Шайқы Бұрқы әулиеге келіп:
– Мен қырық жыл бойы қан төктім. Зұлымдықтан басқа іс жасамадым. Енді тәубеме
келдім. Не амал жасасам, Алла күнәмді кешеді? – деп сұрайды. Шайқы Бұрқы:
– Жол жиегіне жеміс ағашын ек. Өткен-кеткен жолаушылар саясына паналасын. Жемісін
жесін, шөлін қандырсын, – дейді.
Қарақшы жолдың жағасына көп ағаш егіп, баптап өсіреді. Арада бірнеше жыл өткенде
ағашы жайқалып, бауға айналыпты Жолаушы дем алып, керуен ат шалдыратын саялы баққа
айналады. Бір күні Шайқы Бұрқы жолаушылап келе жатып, қарақшының бауына кезігеді.
– Бұл кімнің бағы? – деп сұрайды.
– Баудың иесі жоқ. Жергілікті жұрт «қарақшының бағы» деп атайды. Қарақшының өзі
он жыл бұрын дүниеден озыпты дейді.
Шайқы әулие бақтың жемісін жеп, сол жерде түнейді. Түсінде баяғы қарақшыны көреді.
Ол жұмақтың бағында отыр екен. Төбесінен нұр құйылып тұрады.
Шайқы:
– Ей, Алла, бұл не хикаят? Қарақшының төбесінен нұр не үшін себезгілеп тұр? – деп
сұрайды.
– Мұның еккен ағашының саясына сан адам келіп дем алды. Жемісін жейді. Соның сау-
абы өзіне ақиретте өшпес азыққа айналды, – дейді. Шайқы Бұрқы ұйқыдан көңілді ояныпты.
Содан бастап ел арасында «ағаш ексең, күнәң жеңілдейді» деген қанатты сөз қалыпты.
«Бір тал кессең, оң тал ек», «Мазар басына ағаш ексе, сауабы тіріге де, өліге де тиеді»
деген қанатты сөздерде де жоғарыдағыдай тағылымды ойлар жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет