Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет24/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АЛТЫ АЙ ҚЫС,
АЛТЫ АЙ ЖАЗ
Бір қыста жер жүзін мұз басып, мал қырылып, қалғандары сіңірі шығып, әупірімдеп
жазға зорға жетіпті. Ауыр қыстан әбден запыс
*
болған жануарлар есін жия келе ақылдасыпты,
пәле Үркердің жерде жатпай, көкке шығып кетуінен болды. Ендеше Үркерді көкке шығармай,
кезек-кезек басып тұрайық деп олар пәтуа
*
жасап, пәлен жерде Үркер жатыр дегенді естіп,
іздеп шығады.
Жылқы, сиыр, түйе өзара «Мен жүйрікпін, мен жүйрікпін» деп бәстесіп, жарысып келе
жатса, алдарында шөптің арасында бірдеме жылтырап жатыр. Сөйтсе, ол Үркер екен. Бұрын
жеткен жылқы Үркерді басайын десе, сиыр «Мен басамын» – деп, мүйізін шайқап, оны жолат-
пайды. Үркер басында он екі жұлдыз екен.
Сиыр Үркердің алтауын ғана басып қалып, қалған алтауы тұяғының арасынан шығып,
аспанға ұшып кетеді. Міне қыстың алты ай, жаздың алты ай болуы сондықтан. «Алты ай қыс,
алты ай жаз» деген ұғым да содан туындапты.
Егер жылқы тұяғымен басса, онда Үркер түгел жерде жатар еді де, мәңгі бақи жаз
болар еді.
– Ыстықта оқыралап шауып жүргеннен де, сақылдаған сары аязда сықыр-сықыр басып
жүргенім жақсы, – деп жауап беріпті Сиыр.
Халқымыз бір жылдағы он екі айды суық, ыстық мезгілдер деп шартты түрде осы-
лайша екіге бөледі. Осы бір жыл – он екі айдың өтпелі екенін ұғындырғысы келгенде де «Алты
ай қыс, алты ай жаз» деп қысқа қайырғанды жөн көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет