Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет78/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
ӘЛІ АУЫ МЕН БАУЫ БАР
«Еш нәрсе бітірмей, құр далбаңдап жүрміз, негізгі іс әлі алда» деген мағынада айты-
лады.
Ертеде бір арсың-гүрсің олақ әйел болыпты. Ол бірде көршісімен әңгімелесіп отырып:
Алты күн болды, дамбал тігіп жатырмын. Әлі ауы мен бауы бар. Желмін бе, құзбын ба? –
деп бөсіпті.
Алты күн дегенде «әлі ауы мен бауы бар болса», сонда ол не бітірген?!
ӘЛІ НЕСІН КӨРІПСІҢ,
ҚЫЛ ТАҚҚАН СОҢ ҚАҢҚЫЛДАР
«Бұл – әлі бер жағы, түгел біткенін немесе нағыз өзін көрсең аузың ашылар еді», деген
ойды бейнелеп айтқанда осы көз тіркесі қолданылады.
Ағаш шеберінің жасап жатқан затына сүйсінген біреу:
– Ой, мынауың не деген тамаша дүние?! Жұп-жұмыр болып жұтынып тұр ғой өзі! –
депті. Сонда шебер сырбаздықпен:
– Әлі несін көріпсің, қыл таққан соң қаңқылдар, – деп, жымыңдапты. Сөйтсе ол дүниесі
жартылай жонылған қобыз екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет