Анықтамалық материалдармен терминдер 2019-2020 оқу жылы Анықтамалық материалдар Биология ғылымының негізгі салалары



бет1/33
Дата12.10.2022
өлшемі118,9 Kb.
#152768
түріАнықтамалық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Биологиядан анык термин


«ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН«ДАРЫН» МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Биология



Анықтамалық материалдармен терминдер
2019-2020 оқу жылы
Анықтамалық материалдар


Биология ғылымының негізгі салалары



  1. Селекция(сұрыптау) - өсімдіктердің жаңа іріктемелері (сорт) жануарлардың жаңа қолтұқымдары (порода) және микроағзалардың жаңа штаммаларын алу әдістері туралы ғылым.

  2. Акушер - жаңа туған нәрестені қабылдайтын дәрігер.

  3. Альгология-балдырлар туралы ғылым.

  4. Антропология - адамның шығу тегін, дамуын, нәсілдердің пайда болуын зерттейді.

  5. Арахнология - өрмекшітектестерді зерттейтін ғылым.

  6. Батрахология - қосмекенділерді зерттейтін ғылым.

  7. Биогеография - Жер бетінде түрлердің таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

  8. Биоритмология - биологиялық ырғақ туралы ғылым.

  9. Биосферология - биосфера туралы ғылым.

  10. Биотехнология - тірі организмдер мен биологиялық процестерді адамның мақсатына сай өндірісте қолдану.

  11. Бриология - мүктер туралы ғылым.

  12. Валеология - салауатты өмір туралы ғылым.

  13. Гельминтология - паразит құрттар туралы ғылым.

  14. Гематология - қанды және оның құрамын зерттейтін ғылым.

  15. Генетика - тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ғылым.

  16. Генетикалық немесе ген инженериясы - генетика мен молекулалық биология негізінде қалыптасқан ғылым, бұрын табиғатта болмаған жаңа генетикалық бағдарламалар жасау.

  17. Герантология - қарт адамдар мен ұзақ өмір сүру туралы ғылым.

  18. Герпетология - бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.



  19. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет