18.5 сурет – Реквизиттердің құжаттың төменгі жағындағы орналасуын көрсету
Біз ештеңені көрсетпейміз (бұл жолы құжаттың төменгі жағы бізге қажет емес), бірден бесінші қадамға көшеміз.
18.6 сурет - Батырманы жасау
Біз бұл жерде конструктор құжаттың формасына баспадан шығару формасын құрастырушы процедураны шақыруға арналған жаңа батырма қою керектігін көрсетеміз және «ОК» батырмасын басамыз (18.6 сурет).
18.7 сурет - «Оказание услуги» құжатының баспадан шығару формасы
Конструктор құжатымызға бізге қажетті баспадан шығару формасын тұрғызды. Бұл жерде жалғыз жетіспейтіні – құжат бойынша қорытынды сома (18.7 сурет).
Құжаттың қорытынды сомасын жазу үшін жаңа аймақты енгіземіз. Тінтуірмен екі бос жолды белгілеп алып, «Таблица | Имена | Назначить имя...» командасын орындаймыз (18.8 сурет).
18.8 сурет – Жаңа объектіні құру
Объектіні «Всего» деп атаймыз (18.9 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |