Байланысты: Ақпаратты қорғау ұғымы. Ақпараттың қауіпсіздігі және оның құрамы
Қатынас құрудың ерікті басқару – жеке субъект немесе құрамына осы сцубъект кіретін топтың тұлғасын ескеру негізінде жасалған объектілерге қатынас құруды шектеу. Ерікті басқару – белгілі бір тұлға (әдетте, объектінің иесі) өзінің қарауынша басқа субъектілерге өзінің шешімі бойынша объектігі қатынас құру құқығын бере алады.
Қатынас құрудың ағымдағы жағдайы ерікті басқару кезінде матрица түрінде көрсетіледі. Қатарларында – субектілер, бағандарында – объектілер, ал матрицаның түйіндерінде қатынас құру құқығының (оқу, жазу, орындау және т.б.) кодасы көрсетіледі.
Операциялық жүйелердің және дерекқор басқару жүйелерінің көпшілігі осы ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымды жағы – икемділігі, ал негізгі кемшіліктері – басқарудың бытырыңқылығы және орталықтандырылған тексерудің күрделілігі, сондай-ақ, қатынас құру құқығының деректерден бөлек қарастырылуы (қаскүнемдер осыны пайдалана отырып құпия ақпараттарды жалпы қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы мүмкін).