Қарапайымдылар


ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA



Pdf көрінісі
бет18/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA
Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моногенетикалық құрттарға қарағанда паразиттік 
тіршілікке толығырақ бейімделген. Бұлар тек қана эндопаразиттік өмір сүреді, жұмыртқалары өте аз уақыт 
сыртқы ортада бола алады, ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың, адамның ішегінде тіршілік 
етсе, личинкалары омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ішкі мүшелерінде және дене қуысында 
тіршілік етеді. Түрлері 3000-нан астам. 
Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодоз деп атайды.
Құрылысы мен физиологиясы.
Денесі барынша созылыңқы, арқа - құрсақ бағытында жалпайып келген, 
лента тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 10-15 м-ге дейін. Көбіне денелері проглоттидтер деп аталатын жеке 
буындардан тұрады, ал проглоттидтердің тізбегі стробила делінеді. Кейбір түрлерінің денесі тұтас 
бөлінбеген. Денесінің алдыңғы ұшында сколекс (scolex) деп аталатын басы болады, одан бөлшектенбеген 
мойыны және бір қатар буындар (проглоттидтер) тіркесіп созылып жатады. Олардың саны 2-4-тен бірнеше 
мыңға жетеді. Буындардың немесе проглоттидтердің пішіні мойынынан қашықтаған сайын өзгере береді. 
Алдыңғы буындары қысқа, гермафродитті немесе пісіп жетілмеген буындар деп аталады, артқы жағындағы 
буындары ұзынырақ, жалпақтау - пісіп жетілген (ұрықтанған жұмырткаларға толы) буындар. Олар құрттың 
денесінен үзіліп нәжіспен бірге сыртқа шығарылып тұрады, ал үзілген буынның орнына келесі буындар 
жетіледі, себебі мойын бөлімінен үздіксіз жаңа буындар түзіліп, олар артқа қарай ығысып, пісіп жетіліп 
тұрады.
Кірпікшелі өсінділер - микротрихиялар деп аталады, өте ұсақ, тек электронды микроскоп арқылы 
көрінеді, құрттың коректенуінде маңызды қызмет атқарады.
Таспа құрттардың тағы бір ерекшелігі - ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Иесінің ортаңғы ішегінде 
паразиттік тіршілік етуіне байланысты, қорытылған қоректік сұйық заттың ішінде батып жатады. Осы 


қорытылған қоректік затты паразиттер сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының бетінде орналаскан 
көптеген кірпікшелі өсінділер - микротрихиялар арқылы сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет