Қарастырылатын мәселелер: Шетелдегі мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі21,55 Kb.
#118362
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 2

3. Ресейдегі инклюзивті білім беру. Ресейдегі инклюзивті білім беру. 1991 жылдың күзінен бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996ж 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; «Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет