Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет28/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі
Қазақ тілінің синтаксисі, Төлетай Ә
барамын.  Ол…үйге  кірді.   Барыс  жалғаулы  есімдер  кейде  есім  мен  көмекші 
етістіктерден болған құрама баяндауыштар да меңгереді. Сейіт бұл топқа жалпы сəлем 
берді де, тоқтамай өтіп кетті. Судьялар ешкімге тəуелді  емес
Шығыс  жалғаулы  сөз  тіркестері.  Етістікті  сөз  тіркестерінің  жиі  ұшырайтын 
ендігі  бір  түрі  шығыс  жалғаулы  есімдер  мен  етістіктер  тобы.  Мұнда  да  жалғаулы 
есімдерді  етістіктер  меңгеріп,  солардың  байланысынан  толықтауыштық  жəне 
пысықтауыштық  қатынастағы  сөз  тіркестері    жасалады.  Шығыс  жалғаулы  есімдерді 
(көбінесе зат есімдер мен есімдіктерді) меңгеретін етістіктер, негізінде, мыналар: шығу, 
шығару, қайту, қайтару, тастау, алу, (таудан асу), өлу, тарау, ұшу, тоқу, істеу, тігу, салу, 
қалу,  пісіру,  орнату,(тастан  орнату),соғу,  қарғау,  сұрану,т.б.  Бұлардың  көбіқимыл 
(мысалы:тастау,шығару,  тарау,тоқу)  жəне  қабылдау  (мысалы:көру,  қорқу,  қарау, 
үйрену) мəнді етістіктер. 


 
 
Меңгеретін етістіктер, осылардай, əр түрлі мағынада жүмсалатындықтан, олармен 
шығыс  жалғауда  тұрып  сөз  тіркесін  құрайтын  сөздер  де  əр  алуан  болды.  Олардың 
тіркесінен  түрлі  –мағыналық  қатынастағы  сөз  тіркестері  жасалады:  Мысалы,  шығу 
етістігімен  тіркесетін  зат  есімдер  үйден  (шығу),  тоғайдан  (шығу),  сияқтылар.  Бұлар-
пысықтауыштық  қатынаста  тұрып,  мекендік  мағанада  жұмсалған  сөз  тіркестері.  Ал 
жіптен тоқу, барқыттан тігу, (қораны) қамыстан салу тəрізді тіркестер толықтауыштық 
қатынаста  тұрып,  іске  қатысты  заттың  материалдық  тегін  білдіреді.  Толықтауыштық 
қызметте  жүмсалатын  шығыс  жалғаулы  сөз  тіркестерінің  мағыналары,  негізінде, 
мынадай  болады.1.Заттың  басқа  заттан  істелу  тегін  білдіреді.Тастан  жер  ошақ  жасап, 
май қайнаттым (Ғ.Мүсірепов)  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет