Зерттеудің мақұлдануы мен жариялануы. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері түрлі деңгейлердегі конференцияларда баяндалды: «Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 2006), «Мемлекеттік тілде аграрлық маман даярлау: жаңа мақсат, жаңа жүйе» атты республикалық ғылыми-әдістеме конференциясы (Алматы, 2006), Профессор Қ.Тасболатұлының 80 жылдығына арналған «Тәуелсіздік негізі – ұлттық тәрбие» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Тараз, 2006) және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми-әдістемелік семинары (2005, желтоқсан).
Республикалық ғылыми басылымдар мен ғылыми жинақтарда диссертация мазмұнына қатысты 6 мақала жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |