3. Тұрпат межесінің өзгеруі немесе айқындалуы. Арнайы лексиканың сөздері белгілі бір дәрежеде тұрпат межесін өзгертуге немесе айқындауға, сондай-ақ денотаттардың да қайта аталуға мүмкіндіктері бар. Бұл қасиет жалпы лексикаға тән емес. Ал сөздер мен олардың мазмұн межесі жасанды түрде қалыптастырылған жағдайда тұрпат межесінің өзгеруі немесе айқындала түсуі әбден мүмкін. Себебі бұл тұста атау тікелей ұғыммен емес, таңбаланушы нысанмен (денотатпен) шартты байланыста болады. Мысалы: адекватты аударма барабар аударма; синхронды аударма ілеспе аударма; адресант тыңдаушы; адресат – сөйлеуші; анализ талдау; аналогия телнұсқалық; билингв қостілді адам; билингвизм қостілділік және т.б.