Бөрік сөзі бүр – бүру, бүрлеу етістігімен де байланысты болуы мүмкін деп топшылаймыз. Себебі моңғол тілінде: «бүрээс – покрышка, покрывало; бүрхээк – покрывать, накрывать сверху» бөрік>бөр (бүрке) Дмитрев. Бөрік- жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Ол етегін айналдыра қымбат тері жапсырылып дөңгеленген пошымда тігіледі. Оның пошымына, тігілген материалына қарай шошақ бөрік, үкілі бөрік, камшат бөрік сияқты түрлерге белінеді.