Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы (Сақтар, қаңлы, үйсін, ғұн мемлекеттері). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Ядролық сынақтардың экологиялық қоршаған орта мен ауыл шаруашылығына әсерi мен салдары



бет55/98
Дата26.12.2021
өлшемі195,37 Kb.
#105629
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98
Байланысты:
аза мемлекеттілігі эволюциясыны тарихи бастаулары, кезе дері

41. Ядролық сынақтардың экологиялық қоршаған орта мен ауыл шаруашылығына әсерi мен салдары.

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді.

Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Зерттеудің нәтижесінде радиацияның адамға тигізетін ықпалының ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.

Содан бері 26 жылдай уақыт өтсе де, сынақ зардабын тартқандар улы қарудың уытын әлі күнге дейін сезінуде. Өйткені ажал атомының зардабы тіршілік иесінің ағзасында ұзақ уақыт бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін көрінеді.

Семей полигонының қазақ халқына үлкен қасірет әкелгені әлемге аян. Нақты дерек көздері бойынша, Семей қаласынан 130 шақырым қашықтықта орналасқан сынақ алаңында 1949 жылдан бастап 40 жыл бойы ядролық қару сыналған.

Нақты дерек көздеріне сүйенсек, полигонның 40 жылдық тарихында 459 жарылыс жасалыпты. Бұдан 1,5 миллион адам зардап шегіп, Семей аймағы аса үлкен экологиялық апатты өңірге айналды. Сынақтардың зардабы тиген аумақ көлемі 304 000 шаршы шақырымға жетті, соның нәтижесінде мыңдаған адам жазылмас дертке тап болып, ажал құшты, дүниеге ақыл-есі кем, мешел балалар көптеп келе бастады. Халықтың көз жасы көл болып ағып, олардың көбі туған жерлерінде тұрақтап қала алмай, үдере көшті. Қазақ еліне осындай ауыр қайғы-қасірет әкелген ажал сынағына 1991 жылдың 29 тамызында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың №409 «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлығы нүкте қойды.

Статистикалық есепке жүгінсек, 1947-1990 жылдар аралығында біздің облыс бойынша Семейде барлығы 17 мың адам әскери қызметте болыпты. Бүгінде солардың тек 400-дейі ғана тірі жүр, 70 пайызы мүгедек боп қалды. Солардың қатарында мына мен де бармын. Радиация зардабы бірден білінбейді екен, ол адамның бойына ақырындап сіңіп, қанында, сүйегінде қалады дейді. Сынақ зардабын зерттеп жүрген дәрігер-ғалымдар оның зияны жетінші ұрпаққа дейін жетеді деп жүр ғой, оны енді бір Алла біледі. Радиация әсерін мен әскерден келген соң 15 жылдан кейін сезіне бастадым, денсаулығыма байланысты 1998 жылдан бастап ІІІ топтың мүгедегімін. Семейде әскерде болған бір жолдас жігіттің үш баласы бірінен соң бірі қайтыс болды, енді бірінің қызы қайта-қайта түсік тастап жүр, кейбіреуінің сәби сүю қабілеті кеміген, осылайша кете береді. Бүгінде өңірімізде Семей зардабын тартқан 12 000 адам тұрады, олардың барлығы да есепте, жыл сайын тұрақты түрде дәрігерлік бақылаудан өтіп тұрады. Олар қажет болған жағдайда дәрігерлердің нұсқамасымен Астана, Алматы қалаларында, облыстық және аудандық ауруханаларда, әскери госпитальдарда, “Ақжайық” шипажайында және Жаңақала ауданындағы оңалту орталығында тиісінше тегін ем-дом алады. Тіпті, алыс қалаларға емделуге баратындардың жолақысын да емімен қоса Үкімет төлейді, — деген бірлестік төрағасы бүгінгі таңда Семей зардабын тартқандардың ұрпақтарын да тегін емдеу жөнінде мәселе көтеріп жүргендерін жеткізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет