қашанда керек құбылыс.
Қоғам
қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар
қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі мен дүниетанымын дамыту
керек. Қазақ халқы қай заманда да сөйлеу өнерін жоғары бағалаған. Бұл
жол арымай
-
талмай шешендік сырын зерттеуді, көл
-
көсір жаттығуды,
мол білімді, ой
-
өрісі мен мен қиял кеңістігін қажет ететіндігін анық білген.
Сөз өнері өнердің ең алды ретінде саналған. "Өнер алды
-
қызыл тіл",
-
дейді қазақ мақалы. Абай: "Тіл өнері
-
дертпен тең",
-
деген. Қысқасы,
халқымыз шын мәніндегі шешендікті асыл өнерге баулып, осы жолда
қайталанбас мұра қалдырған.
Қазақ
ауыз әдебиетінің бір түрі
-
шешендік өнер. Шешендік өнер
-
ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің ерекшелігін көрсететін негізгі
жанрлардың бірі.
Қазақ
шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар.
ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша
таралған, қағазда емес, бізге халық жадында сақталып жеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |