үшін “қауіпсіздік төсемі” болу әлеуеті бар сектор ретінде нақты өңдеу
өнеркәсібіне бағдарланды.
Бұл бесжылдық аясында өңдеу өнеркәсібінің
14 басымдықты секторы айқындалды, қолдау құралдары соларға
бағытталды. Бағдарламаны іске асыру Қазақстан экономикасы үшін
бірқатар оң қорытындылар әкелді. Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортталатын
тауарлар номенклатурасы 21%
-
ға артты. Аккумуляторлар, темірден немесе
қоспасыз болаттан жасалған жазық илем, қоспасыз алюминийден
жасалған сым тәрізді жаңа экспорттық тауарлар пайда болды. 2010
-2018
жылдары өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін негіз жасалды. Мәселен, 7,9
трлн теңге сомасына 1250 жобаны іске асыру және Global
-
2000/ТҰК
тізімінен 29 инвесторды тарту
нәтижесінде жаңа өсу көздері пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |