Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет130/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

3.2.4. 
Рай категориясы және эмоциялық құбылыстың мәні
 
Адам эмоциясын білдіруде ерекше қызмет атқаратын етістік 
категорияларының бірі –
рай категориясы. Рай категориясының бұл 
ерекшелігі оның сөйлеушінің қимыл, іс
-
әрекетке деген көзқарасын, 
қимылдың, іс
-
әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын білдіруімен 
тікелей байланысты. Себебі эмоционалдылыққа қатысты сөйленім
-
дердің әрқайсысында міндетті түрде сөйлеушінің жағымды я болмаса 
жағымсыз көзқарасы, шындыққа болмысқа деген қатысы көрініп 
отырады. Рай түрлерінің аталған сипаты «Қазақ грамматикасында 
былай беріледі: «Белгілі қимыл, іс
-
әрекеттің белгілі субъекті тарапы
-
нан іске асу
-
аспауы, қимылдың, іс
-
әрекеттің болу
-
болмауына сөйлеу
-
шінің көзқарасы, пікірі, бағасы, анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, 
күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы, орындалу ниеттілігі, 
шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрық мәндері т.б. қатар көрініп 
отырады» [9, 512]. Қазіргі қазақ тілінде етістік райының төрт түрі 
көрсетіледі. Олар: ашық рай, қалау рай, бұйрық рай, шартты рай. 
Ашық рай –
қимылдың шындық өмірде белгілі бір мезгілде болаты
-
нын, болып өткенін, болып жатқанын, я болмайтынын білдіреді. Яғни, 


161 
ашық рай қимыл
-
әрекеттің үш шақтың біріне қатыстылығын білдіреді.
Қалау рай сөйлеушінің қимылды жүзеге асырғысы келетін ниетін, 
ықыласын, ойын білдіреді. Бұйрық рай қимылды жасау жасамауды 
талап етіп, ұйғарып, қозғау салады. Шартты рай екінші қимылдың 
жасалу жасалмауына шарт болатын қимылды білдіреді. 
М. Оразов етістіктің рай категориясы туралы: «Етістіктің көп 
қолданылатын және грамматикалық мағынасы жағынан бай категория
-
лардың бірі рай категориясы болып саналады. Оның үстіне бұл 
категория тілдердің барлығына да
тән категория. Рай категориясының 
тілдік сипаты оның логикалық ұғымдармен байланысында жатыр. 
...Амал
-
әрекеттердің орындалу, орындалмауына айтушының көзқара
-
сын білдіру азын
-
аулақ қана тіл элементтерінің үлесіне тиеді. Олардың 
ең толық көрінісі етістіктің рай категороиясымен байланысты», 

 
деп 
жазады [4, 224]. Яғни етістік амал
-
әрекетті білдірумен бірге, рай кате
-
гориясы формалары арқылы сол амал
-
әрекеттің объектив шындыққа 
қарым
-
қатынасын және айтушының сол айтылған ойға байланысты 
көзқарасын да да білдіреді. Рай қосымшалары арқылы қалау, тілеу, 
бұйыру, өтіну, ұйғару, жалыну, жалбарыну, ынталану, қарғау сияқты 
толып жатқан мағыналық реңктерді беруге болады. 
А. Ысқақов, Н. Оралбаева еңбектерінде іс
-
әрекеттің құбылыстың 
ақиқатқа қатысын білдіруіне орай қазіргі қазақ тіліндегі райлар іштей 
екі топқа топталады. Бірінші топқа реалды қимылды яғни объективті 
модальдылықты білдіретін ашық рай енсе, екінші топқа неғайбыл 
қимылды яғни субъективті модальдылықты білдіретін бұйрық рай, 
қалау рай, шартты рай енеді. Н. Оралбаева реалды рай (ашық рай) мен 
неғайбыл райлардың (бұйрық рай, қалау рай, шартты рай) мынадай 
айырмашылықтарын көрсетеді:
1) ашық райдың арнайы көрсеткіші жоқ, неғайбыл райлардың 
көрсеткіштері бар;
2) ашық райдағы реалды қимылды шақ көрсеткіштері білдіреді, 
неғайбыл райларды бұйыру, қалау, шарт мағыналарын осы райлардың 
көрсеткіштері білдіреді [8
9, 271].
 
Ашық рай амал
-
әрекеттің объектив шындықпен байланысын білді
-
реді де ол шақ категориясымен тікелей байланысып жатады. Яғни, 
ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі –
эмоциялық процестің 
объективті шындыққа қатысы болу
-
болмауының сөйлеп тұрған сәтпен 
байланысы. 
Даусы мұндай ашық болар ма, әр сөзі балғамен соққандай естіледі
(С. Мұратбеков) –
 
тамсану, сүйсіну. Мұнда айтушы тарапынан беріліп 
тұрған бағалауыштық сипат басым.
 


162 

 
Жарайсың, жігітім! –
 
деп Құсайын оған ырза болып қалды
(І. Жансүгіров) –
 
ырза болу.
 
Сатан салбырап қосына қайтты (І. Жансүгіров) –
 
көңіл
-
күй түс
-
кен адамның қалпы. Мұнда бейнелілік стильдік мән басым.
Бұйрық рай қимылдың жасалу я жасалмауын талап ету, қозғау 
салу мақсатында жұмсалады. Бұйыру бұйрық райдың негізгі мағынасы 
болғанымен, бірден бір мағынасы болып саналмайды. Бұйрық райдың 
адамның сан түрлі эмоциясын білдіруде беретін мағыналық реңктері 
өте көп. Қорқыту, үркіту, қоқан
-
лоқы көрсету, мазақ қылу сияқты 
эмоциялық реңктегі сөйленістер негізінен етістіктің келер шақ форма
-
сында айтылады. Мысалы,

Қазір мен сенің мылжа
-
мылжаңды шығарам
(М. Мағауин) –
 
қоқан
-
лоқы көрсету.
Бұдан кейін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет