83
тамаша, рахат, ғажап, шіркін, айналайын, масқара, әттең, мыстан,
сайқал, жексұрын, жайсаң, ербию, тыртию, шілтию
т.б.
М. Қараев: «Қазіргі қазақ тілінде, басқа тілдердегі сияқты, сөйлеу
-
шінің бір затқа немесе құбылысқа эмоционалдық көзқарасын
білдіретін көптеген сөздер бар. Бұл категориядағы сөздерді тіл ғылы
-
мында эмоционалдық лексика немесе эмоционалдық мәні бар сөздер
дейді. Сөйлеуші
орман, көл, үй, алыс, бес, ол
т.б. сөздерді айтқанда,
бұл заттардың атауында ешқандай эмоционалдық мән болмайды», –
деп жазады [17, 66]. «...Ал кейбір сөздерде құбылыстардың
атауларында жақсы немесе жаман қатынасты, психологиялық күйді
көрсететін реңктер болады. Мысалы,
айналайын, оңбаған
дегендер тек
белгілі бір тиянақталған тұрақты мағынадағы сөздер ғана емес,
сонымен бірге сөйлеушінің ой
-
күйін де білдіреді. Егерде бұл сөздер
белгілі бір тіркестегі сөздермен қолданылса болса, онда оның
эмоционалдық мәні айқындала түседі» [17, 66]. М. Қараев өз еңбегінде
эмоционалдық мәні бар сөздерді төрт топқа бөліп қарастырады. Олар:
«1. Жеке тұрып эмоциялық мәнді білдіретін сөздер: мысалы:
масқара,
сұмдық, алақай,
т.б. (
–
Масқара
-
ай, сұмдық қой бұларың, –
деді ол.
–
Айт мынауыңды, балақай
(М. Им.). 2. Тіліміздегі
ескішілдік, жаты
-
пішер
дегендер қоғамдық қарым
-
қатынаста қалыптасқан экспрессивтік
мәнді сөздер. 3. Заттың эмоционалдық бағасын кішірейту я еркелету,
жек көруге байланысты жұрнақтар арқылы жасалады: Мысалы:
үй
деген түбірге
-
шік
жұрнағын қосып,
мынауың үй емес, үйшік қой
десек,
үйшік
деген туынды сөз сөйлеушінің үйді
кемітетінін байқатады. 4.
Сөздің соңында шылау мен жұрнақтың аралығында жүретін, жек көру,
кемсіту мағынасын беретін
сымақ
демеулік шылауы қосылған сөздер
де эмоционалды мәнге жатады.
Мұнда нағыз адамдар да бар, адам
сымақтар да бар т.б.
» [17, 67].
Қорыта
келгенде, тілдің эмоционалды
-
экспрессивті және бағалау
-
шылық қызметінің проблемалары мен аспектілері қарастырылған
әдебиеттердің молдығына қарамастан кейбір авторлар осы лексиканың
қолданылуы, мағынасының ашылуы т.б. да басы ашылмаған мәселе
-
лерінің көптігін айтады. «Эмоционалдылық», «бағалаушылық», «экс
-
прессивтік» сияқты терминдер бірқалыпты жүйеге түспегендіктен, осы
бағыттарда әлі де зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: