Тақырып 8. Бизнестегі тәуекелдер– 4 сағ. 1 Бизнестік тәуекелдің мәні. Тәуекелдер мен жоғалтулардың түрлері, оның жіктелуі. Тәуекелді тудыратын факторлар.
2 Тәуекелді бағалау әдістері: статистикалық, эксперттік, есептеу-талдаулық.
3 Тәуекелді басқару үрдісі мен әдістері.
Тақырып 9.Бизнес инфрақұрылымын ұйымдастыру – 2 сағ. 1 Бизнес инфрақұрылымының мәні мен ерекшеліктері.
2 Шағын бизнес орталықтарының бизнес инфрақұрылымының институты ретінде қалыптасуы мен құрылуы. Шағын кәсіпкерлікке ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Бизнес субъектілеріне кеңес берушілік, заңды және коммуникативтік қызмет көрсету.
3 Кәсіпкерлік кадрларды дайындау және шағын бизнестің оқу-кеңессберушілік орталықтарының дамуы.