192
ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРДІҢ БЕРЕРІ МОЛ
Тунгушбаева Марина Акилбековна
Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы
16 колледж
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы
Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің
түйуін түйгенінше айтуға жарау.Айта білетін адам табылса, тіл пайдалануға әрқашан жарайды. Тек айта білетін адам
табылуы қиын», – деген.
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған
орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдестерді ескеретін жаңа үлгісіне
көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені
анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу
әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер
жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.
Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап,
зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол –
өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге
байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол
дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене,
шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. .Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден , сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап
айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы
мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.
Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне
жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: