36
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік
құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар,
адамгершілік сезімдері
дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға
бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан
барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту,
өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі
- грамматикалық ойынның түрлері.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын
қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге,
меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды,
мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын.
Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін
кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс -
тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық
«Дыбыс таңдау ойыны»Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы:
Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
Лексика бойынша
«жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып
айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді
кім біледі?
«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және
мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология саласы бойынша.
«Ойлан тап»ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі
тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ойна да ойлан»ойыны.
1. адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық.
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
/адамның баласы бол/
«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның шарты: 1 - қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 - қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады.
«Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді
қосып, сөйлем құрайды.
Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын,
ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. мысалы:
37
Бізде қызық ойын бар
Ал, ықылас қойыңдар.
Қане, тәртіп сақтайық,
Баспалдақтан аттайық,
Есептеуден қашпайық,
Жүлделі болып қайтайық.-
балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды
шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға
көмектесейік» немесе «балапанды құтқарайық» деп атауға болады.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта -
ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын
ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік
мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян». Немесе, дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары:
«Әй, шымыжық, шымыжық»
Сондай - ақ, меңгерілген
тақырыпты иә болмаса, жаңа сөзді бекіту мақсатында әуенмен ауаға жазу арқылы да
байланыстыра аламыз. Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандандыруға болады. Мысалы:«Шөжелерім»,
«Әйгөлөк». «Қаражорға»
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға
болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар
оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс - шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.
Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы
кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.
Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын,
оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды.
Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке
қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін
емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние
туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен. Ендеше, сыныпта және
сыныптан тыс уақытта ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесі қандай?
Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда
Оқы да біл,
Ойын - еңбек.
Ойна да күл,
Ойын - оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. А. Ысқақов. «Қазіргі қазақ тілі». «Ана тілі»: 1991ж
2. С. Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты». – Алматы: 1997ж
3. журнал «Педагогика жаршысы»№4 2010,№3 2010ж,
4журнал 12 жылдық білім №4, 2006ж
5 журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті»№2, 2005,№11, 2007,№1, 10 2008,№4, 9 - 2009ж
Достарыңызбен бөлісу: