Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ



Pdf көрінісі
бет76/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ
РУХ ПЕН ТУҒАН ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ
 
Тилеужанова Алтынай Сериковна 
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы 
«Абай атындағы мектеп-интернаты» КММ 
Қазақ тілі мен әдебиеті 
 
Қасым Аманжоловтың азаматтық сарыны күшті, адамды сүю, оның ісіне қуану, қоғамға, қауымға пайда келтіру 
парыз деген рухта жазылған лирикалық өлеңдері аса көркем, тартымды. Бұл оның патриоттық рухты оятып, ұлттың 
туған жерге деген махаббатын еселей түсері анық.
Ақын үшін табиғат – жан досы, оның қымбаттысы. Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, оның алдындағы 
азаматтық борышы. Мына бір өлеңіне назар аударайық: 
Орамалым сенің қойныңда, 
Ойнақтап өткен жылдарым 
Жарқылдап Жайық бойында 
Достармен сайран құрғаным 
Шағанның бойы көп шалғын, 
Шалқамнан жатқам шаңқай түс 
Гүл болып менің құшағым, 
Кеудеме қонған бұлбұл құс.
Шалқадан жату тек Қасымның ғана қолынан келетіндей. «Ойнақтап», «жарқылдап» сөздері лирикалық қаһарманның 
қуанышы ерекше екенін, оның өмірі әділет – қимылға толы екенін көз алдымызға әкеледі. Асқан шабыт, қуанышқа 
толы. Өлеңде ғажайып сурет, табиғат сұлулығымен бірге, жаныңды үзіп, өзегіңді өртер үлкен қасиетті сезім, Отанға, 
туған жерге деген шынайы ыстық махаббат сезімі бар. «Байкал», «Атамекен», «Мен табиғат бөбегі», «Талғар», 
«Сарыарқа», «Ертіс», «Орал» сияқты өлеңдері өте шебер жазылған. 


95 
Сыршыл, суретші Қасым қандай тақырыпта жырласа да ойын жалаң айтпайды. Шебер ақын тілімен бейнелеп береді. 
Саяси лирикалардың өзінде де Қасымның бұрқыраған ақындық жалыны, жатық, оралымды тіл байлығы ерекше көзге 
түседі. Қасым өзі өскен қоғамдық ортаның туған жер мен елдің сыр-сипатын реалистік тұрғыдан жеткізіп ашып 
суреттейді. Ол шалқыған байлығы мол Отанның, туған өлкесі – Қазақстанның кең-байтақ, көркем бейнесін ерекше 
жылылық сезіммен жарқын елестете білді. 
Сүйсінттім досты, ер жеттім, 
Өртедім жаудың өзегін. 
Қуатын бердің жер-көктің, 
Советтік менің өз елім!.. 
...Ой жетер жерге көз жетті, 
Арғысын және сеземін. 
Жатырсың алып жер-көкті, 
Советтік менің өз елім! 
Немесе: 
Уа, дариға, алтын бесік – туған жер, 
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр! 
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей 
Ақын болмай, тасың болсам мен егер. 
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің, 
Нендей күйге жүрегімді бөледің?! 
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем 
Арманым жоқ, бұл дүниеде дер едім...
Мұндай лирикаларында ақын Отанына, туған жерге деген жалынды махаббатын тебіреніп, толғанып отырып айтады. 
Суретшіл, сыршыл ақын туып өскен, аралап көріп, қызықты шақтарын өткізген жерлердің, мекендердің тұлғаларын 
сондайлық жарастықты бейнеде: тамылжытып ән салып тұрғандай, жорға бидің ырғақты толқынындай, көңіл 
жайлауынан самал ескендей, көз алдыңнан ғажап сұлу дүниенің суреттері тізбектеліп өткендей тәтті сезімге бөлейтін 
алуан түрлі шеберлікпен сипаттайды. 
«Ақын сені еріксіз жетелеп, торғын тұман жамылып, сансыз құсы ән шырқаған Байкал көлінің жағасына да, айнадай 
ашық, күміс көлді, жасыл орманды Көкшетауға да, тұнық суына шомылып, толқынымен ойнаған ерке Ертіс, сабырлы 
Жайық жағасына да, ай сәулесі ойнап, сыбдыр қаққан жапырақты, жасыл гүлді бақшаға да, сайларын сарнайлатып ән 
салып, құлпырып жайнаған егісті көктем даласына да, алтын астығы орылп, еңбек майданы қызып жатқан жерлерге де 
алып келеді. Сұлу Алматыны бірге аралатып, жастық шағын өткізген Оралға да қызықтырады»,- дейді ғалым 
Е.Ысмайылов [3, 374 .]. Қасым Аманжоловтың «Туған жері» бүгінде әнге қосылып айтылып жүр. Туған жерге, елге 
деген құштарлық балалық сезім мұнда аса ыстық сезіммен шынайы бейнеленеді. Бұл – туған жерге кіндігінен байланған 
адамның жан сөзі. Оның лирикалық кейіпкері – туған даланың о шеті мен бұ шетіне жүгіріп, құмарын қандыра алмай, 
даланың көркіне көзі тоймай, жас балаша мәз болып жүрген қазақ ұлы. Қасым сол қазақ ұлының ерлік дәстүрін, өрлік 
мінезін, намысын жырлады. 
Тербеліп толқынында ән сап өскен 
Қайтып та сорлы болсын қазақ ұлы,- деген еді «Ертіс» өлеңінде. 
«Ақынның туған жер тақырыбына жазған өлеңдерінің мазмұнында жалпы Қасым поэзиясына тән өрлік, ерлік 
жатады»,- дейді академик С.Қирабаев. 
Қасымның әскери лирикасы тек майдан өмірінің қатыгез шындығын суреттеуімен ғана емес, солдаттың жан сезімін, 
оның туған ел табиғатымен байланысысын ашуда да аса бағалы. Ол әскери өмірін Қиыр Шығыста бастап, содан қазақ 
жерін баса майданға аттанды. Осы жолдары оның бойындағы азаматтық, ақындық сезім «Байкал», «Ертіс», «Сарыарқа», 
«Орал» сияқты өлеңдерінде айрықша көрінді. Ол табиғаттың әсем суретін адам сезімімен тұтастықта танып, лирикалық 
кейіпкердің арманы мен нәзік көңіл-күйіне, сағынышына, қиялына айналдырады. Адам мен табиғатты тікелей қарым-
қатынасқа келтіреді. 
Қасым өмір бойына туған жердің тамаша табиғатын жырлап өтті. Оның «Көкшетау», «Бурабай толқындары», 
«Жайық», «Сырдария аңызы», «Бетпақ дала», «Алматы» тәрізді өлеңдерінен де туған өлкенің бүгінгі гүл-гүл жайнаған 
бейнесін көреміз, ақынның ынтық лебізінен балқып, онымен қосыла сүйгендей боламыз. Сондай шалқыған шабытты 
жыр Қасым поэзиясында дәмді де ойлы да шырайлы лирикаға ауысып отырады. Ол Ұлы Отан соғысының соңғы 
жылдарында жазылған «Қызғалдақ» атты лирикалық өлеңінде: 
Өртенген үй орнында 
Өскен жалғыз қызғалдақ; 
Кез боп қалдың жолымда, 
Аялдаттық азырақ. 
Өртенген үй жұртында 
Қып-қызыл боп желбіреп, 


96 
Қалай өстің сен мұнда? 
Нендей сыр бар, нендей кеп? 
Қансың ба әлде тамған бір 
Күнәсіз жас жүректен? 
Сен екенсің жас өмір 
Ескі жұртты күзеткен? – дейді. 
«Өртенген үйдің жұртында қып-қызыл болып желбіреген қызғалдақ жаңа өмірдің жалауы сағыныш та бар, шаттық 
та бар, жалпы өмірдің мәңгілік екеніне тәкаппар мақтаныш та бар. Қасым поэзиясының әрбір жолының астында 
осындай бұрқыраған сезім, мол пікір жатады».
Ақын шабытын оятқан, оны тебіренткен – бүгінгі өмір, заман сыры, халық өмірі, Отан тағдыры. Тіпті ақынның көңіл-
күйі, махаббат, табиғат жырларының өзінде де жаңа заманның, бүгінгі күннің лебі бар. Мұның өзі ақын талантын, оның 
кең құлашын, биік әуенін, кез келген өмір құбылысын өлеңге орай қоятын қабілет, дарынын танытады. Отанға, халыққа 
жан-тәнімен берілгендігін, оған деген адал жүрегін дәлелдейді. 
Қасым Аманжолов стиліндегі тағы бір ерекшелік – азаматтық пафос, серпінділік. Бұл Қасым поэзиясының биік 
шоқтығы, дара қасиеті. Азаматтық пафос Қасымның стильдік ерекшелігі дегенде біз оның отты серпіні, асқақ үн, биік 
әуенділігімен бірге, осы айтылған адам тағдырының жалпы жақтарын, әсіресе қоғамдық жағын, оның мақсатын, өресін, 
міндет деңгейін де қамтитындығын айтпақ едік. 
Шынында да Қасым өлеңдерін оқығанда ол сені әлдеқандай бір биікке көтере жөнеледі, өлеңнің екпініне ілесіп, өзің 
де дауысыңды көтере, дүниеде жер басып тұрған жалғыз ақын, жалғыз қаһарман сендей-ақ биік бір сезімге бөленесің. 
Жығылам деп жүре алмаймын жай басып, 
Жүгіремін киіп-жарып, айқасып, 
Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар 
Іш пыстырып, жалт-жалт қарап, жай басып,- деп өзі айтқандай, Қасым қазақ поэзиясына заманның алып адамымен, 
уақыттың жылдамдығымен жарысқан шапшаң, жітілікті, өткір өрлікті ала келді. Найзағайдың жарқылын, күн мен 
айдың ашықтығын, асқардың тәкаппарлығын, желдің жүйріктігін, қара бұлттың ашуын бойына жиып өскен, именбес те 
иілмес «табиғат бөбегі» айға шапқан арыстандай: 
Тау жоқтай бұл дүниеде сенен артық, 
Ғарышқа бұлттан асып, иек артып... 
Қайтер ең қаһарлы хан, кәрі Талғар 
Бойыңнан өрлігіңді алсам тартып,- деп алыптың өзімен де айқаса кетердей. 
Оптимизм – дүниеге, өмірге өшпес үміт, мол сеніммен қарау, өмірді әмісе құптап, қызықтап жырлау Қасым 
Аманжолов поэзиясының ерекше бір қыры. Қасым поэзиясы бүгінгі идеал – ертеңгі шындық болатынына сенген де 
сендірген, халықты жарқын, тамаша болашақ үшін белсенді күреске шақырған, адамдарды соған тәрбиелеген поэзия. 
Ақын «Заула, заула Турксиб» деген өлеңінде оптимизмді көрсете білген. 
Патриоттық сезім, Отан сүйгіштік Қасым Аманжоловтың әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарындағы поэзиясының 
арқауы, ерекше сипаты. 
Тынар ма кеудем менің жұтса да оқ? 
Күйер ме тілім менің шайнасам шоқ? 
Туған ел кеудесінде арпалысып, 
Соғармын ыстық қанды жүрегі боп! –дейді ақын. Бұдан артық қайсар, қайрат, бұдан артық пафос, оптимизм, Отанын, 
елін сүю, бұдан артық өжеттік, өрттік болмас. 
Қасым Аманжоловтың лирикалық творчествосының негізгі өзегі – адам, қоғам, заман шындығы, адамның өмірге 
қатынасы, көзқарасы. Осы ретте оның лирикаларын: табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, азаматтық жырлар, көңіл-
күй лирикасы, соғыс жырлары деп бөлуге болады. 
Қ.Аманжолов – төл шығармаларымен, аудармаларымен қазақ әдебиетінде, бүкіл әлемдік поэзияда өзіндік із, стиль 
қалдырған, көркемдік, мазмұндық жағынан қазіргі қазақ өлеңін байытқан ірі талант. Сөз өнерін еркін билеп, дәстүрлі 
өрнекке өз жаңалығын қосқан, қаламының желі бар, сегіз қырлы, бір сырлы ақын. Шығармалары өзінің тірісінде де, 
кейін де өз замандастарының, қаламдастарының жоғары бағасына ие болды. 
Қасым Аманжоловтың азаматтық сарыны күшті, адамды сүю, оның ісіне қуану, қоғамға, қауымға пайда келтіру 
парыз деген рухта жазылған лирикалық өлеңдері аса көркем, тартымды. 
Ақын үшін табиғат – жан досы, оның қымбаттысы. Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, оның алдындағы 
азаматтық борышы. Патриоттық сезім, Отансүйгіштік Қасым Аманжоловтың, әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 
поэзиясының арқауы, ерекше сипаты. 
Ақын таланты ұлы Отан соғысы майданында толысты. Ол қазақ әдебиетіндегі әскери лириканы туғызып, 
қалыптастырып, жетілдіру жолында үлкен мектептен өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қ.Аманжолов майданның 
нағыз қызу ортасында болды. Елін, халқын, жарын сүйген ыстық махаббатты, жалынды лирикалы өлеңдері осы тұста 
туады. 
Қасым Аманжолов поэзиясы – дауылдай екпіннің, өткір ой, отты сезімнің поэзиясы. Ол сегіз қырлы сөз өнерінің 
барлық қырын жасындай жарқылдатып, оттай лапылдатып, өрттей лаулатып, өз дегеніне көндіріп меңгерген ақын. Аз 


97 
өмірінде мол мұра қалдырған, талғампаз, ойшыл, тәкаппар ақын қазақ халық поэзиясы аталатын сәулетті сарайдың берік 
бір іргетасы, биік бір діңгегі. 
Қазақтың ұлы ақындарының бірі – Қасым Аманжолов шығармаларын дәл бүгінгі егемен ел мүддесі тұрғысынан 
қайта оқысаң, оның сол тәуелсіздікті аңсап өткен арманын, заманынан оза шапқан қиялының биіктігі мен көрегендігін 
айқын көресің. Ақынның әр сөзі тәуелсіздіктің жырындай естіледі. 
Қасым – қазақтың ұлттық ақыны. Ол бүкіл жан-тәнімен, рухымен, ішкі сезім-күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен 
қазақтың ұлттық болмысын толықтырады, жетілдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет