Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Жануарларға қатыгездік жасау (316-бап)



бет10/21
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#32838
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Жануарларға қатыгездік жасау (316-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік, қосымша тікелей объект меншік қатынастары болуы мүмкін.
Қылмыстың заты - жануарлар, олар кімнің меншігіне жататындығына қарамастан, қылмыс заты болып табылады. Бұл жерде үй жануарлары немесе жабайы жануарлар туралы да сөз болып отыр.
Жануарлар дүниесін Қазақстан Республикасы жерін тұрақты немесе уақытша қоныстанған, табиғи жерлерде жүретін жабайы жануарлар құрайды. Оларға сүтқоректілер мен құстар жатады. Алайда қосмекенділер (көлбақалар, т.б.), бауырымен жорғалаушылар (жыландар т.б.), омыртқасыздар (құрттар.т.б.) ережеге сәйкес қылмыс құрамының затына жатқызылмаған.
Қылмыс объективтік жағынан жануарларға қатыгездік жасау әрекеттерімен, одан туындайтын зардап олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соғуымен және олардың арасындағы себепті байланыстармен сипаттайды.
Қылмыстың обьективтік жағы - салдары жануарлардың өлуіне, жарымжан күйге түсуіне әкеп соқтыратын жануарларға қатыгездікпен қарау әрекеті, жануарларға қатыгездікпен қарау және олардың өлімі, не мертігуі арасындағы тізбекті байланыс болып табылады. Жануардарды өлімге соқтыратын немесе мертіктіретін сайыстарға (мысалы, иттерді төбелестіруге) пайдалану да қылмысқа жатады.
Қылмыстың формальдық құрамы – жануарларды қинау. Қылмыс ауылшаруашылық немесе үй жануарларына қамқорлық көрсетуге тиісті адамдардың оларды азықсыз, сусыз, көмексіз қалдыру әрекетсіздігінен де туындайды. Сондай-ақ жабайы жануарларды қамауда ұстап, аштан өлтіру әрекетсіздігі де қылмысқа жатады. Залалды немесе жұқпалы аурулармен ауырған жануарларды белгіленген тәртіпке сәйкес жою қылмыс болып табылмайды.
Қылмыс заңда көрсетілген осы зардаптар орын алған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Жануарларға қатыгездікпен қарау деп - оларды сусыз, тамақ бермей, ерекше суық немесе ыстық жерлерге ұстау, ұрып соғу, олармен ғылымға негізделмеген тәжірибелер жасау, оларды азаптап өлтіру және т.б. әрекеттерді де айтамыз.
Жануарларға олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соққан қатыгездік жасау үшін қылмыстық жауаптылық, егер бұл әрекет бұзақылық пиғылмен немесе жауыздық әдістерді қолданып немесе жас балалардың көзінше жасалған жағдайда ғана орын алады.
Бұзақылық пиғылға өзін қоғамға қарсы қойып, қоғамдық тәртіпті бұзу арқылы, көпшілік көзінше жануарларға ерекше қатыгездік көрсетіп, жұртты таңқалдырмақшы болған әрекеттер жатады. Пайдакүнемдік ниет – мүліктік сипаттағы олжа табуға ұмтылу, мысалы, етін, терісін сатып, кіріс табу.
Жауыздық (садистік) әдістерді қолданып жасаған әрекеттерге жануарларға ерекше азап шектіретін әдістерді қолданып, одан рахаттану, ләззат алу сезімдері жатады. Мысалы, жануарлардың терісін тірідей сылу, оны тірідей отқа салып өртеу, тірі жануардың дене мүшесін кесіп алу т.б.
Жасы 14-ке толмаған жас балалардың көзінше жазалаған осы әрекеттердің барлығы жануарларға жасалған қатыгездік деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам жануарға қатал қарайтынын, одан оның өлуі немесе мертігуі мүмкін екенін сезеді және осындай зардаптардың орын алуын тілейді.
Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған тұлға. Қылмыстық кодекстің 316-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бірнеше мәрте жасалған әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген [18].


Каталог: modules -> kaf
kaf -> Ф. 4-72 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Мұражайтану және діни өнер»
kaf -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5В011400
kaf -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы «Ортағасыр Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5В011400
kaf -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша 5В011400
kaf -> Пәннің/мамандықтың оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтар үшін «Қазақстан тарихы»
kaf -> Ф. 4-71 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы 5В011400 – «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған «Қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдар»
kaf -> Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің Қазақша-орысша-ағылшынша сөздігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет