208
Оның шынайы өмірге
құндылықтық қатынасы
тек сана негізінде болуы
мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның
құндылығы неде екенін зерттейді.
Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі
болуы себепті, құндылық жеке тұлғаның өзін ұстауын реттейді, олардың
шынайы тәртібін айқындайды.
«Саламаттылық» – әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі
жағдайы.
Өмір салты – оған жеке тұлғаның денелік, интеллектуалдық және еңбек
әрекетін,
тұрмыстық
өзара
қарым-қатынасын,
дағдысын,
орныққан
мінез-құлқын, өмір сүру қарқынын, бірсарынды жұмысын, демалысын және
қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, өмір салты – деннің
саулығына нәтижелі ықпал ететін саламатты өмір сүруді білдіреді.
Саламатты өмір салты
–
физикалық және психикалық денсаулықты
сақтауға және нығайтуға, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге апаратын,
ерік-жігердің көрінуін, іс-әрекет пен мінез-құлықты түсінуді талап ететін жеке
тұлғаның белсенді жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: