Windows операциялық жүйесінің стандартты программалары.
1. WordPad текстік редакторы.
WordPad редактор текстік құжаттарды құруға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған текстік редакторларға қарағанда мүмкіндігі төмендеу.
Редакторды іске қосу үшін Іске қосу (Пуск), Программалар (Программы, Стандартты (Стандартные), WordPad командасын орындау қажет.
WordPad редакторы текстік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісі мен шрифтін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.
2. Блокнот.
Блокнот – кішігірім текстік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым текстік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу, бірақ жылдам істейді.
Оның бір талассыз жақсы жағы бар – ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді.
Блокнот тексті форматтамай (шрифтін өзгертпей, безендірмей) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды құрады, дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, редакциялау немесе модем арқылы басқаларға жіберілетін тексті дайындау кезінде де бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |