БРЕНТАНОФранц (Franz Brentano, 1838–1917) – неміс философы және психологы, феноменология идеяларын алғаш рет жарыққа шығарған. Аналитикалық философияның кейбір идеяларын қолдаған. Философия мен теологияны зерттеген. Оның философиялық көзқарастары Аристотель ғы- лымының негіздеріне сүйенген. Оның пайымдауынша, «философия әдісі- нің нақты ғылым әдістерінен еш айырмашылығы жоқ». Оның ғылыми философияға көзқарасы неміс философтары А. Мейнонг пен Э. Гуссерльге және логикалық позитивизмге айтарлықтай әсерін тигізеді. Оның фило- софиясы физикалық және психикалық феномендердің арасындағы шека- раны анықтаудан басталған. Психикалық феномендер тегінің белгісі – интен- ционалдылық. Сана әрқашанда бір нәрсеге қатынас арқылы сипатталады:
«мен түйсіктерімді сеземін, «мен сезінемін», «мен бір нәрсені ойлаймын». Дәл өз қалпындағы физикалық объект интенционалды емес. Брентано ақи- қатты қызық түсіндіреді. Ақиқат – бұл көзге көрініп тұрған анықтылықты сезіп, өз бойынан өткізу. Ақиқат мәселесі – бұл эмпирикалық жолмен білім- ді дәлелдеу мәселесі, онда іштегі тәжірибе маңызды рөл атқарады. Іштегі тәжірибенің заттары – психикалық феномендер. Сондықтан, психикалық феномендер көзге көрініп тұрған эмпирикалық анықтылыққа ие болады.