Әдебиет:Қазақхалқыныңфилософиялықмұрасы.Мәдениетфилософия- сы. – Астана: Аударма, 2006. Т. 19.; Нысанбаев А. Независимость. Демократия. Гуманизм. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы,2007.
ДИАСПОРА – әлеуметтік ғылымдарда ұлттың ата жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін бір бөлігі. Д. күштеп көшірудің, геноцид қатерінің, экон. және геогр. факторлардың әсері салдарынан пайда болады. «Д.» термині алғаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, әсіресе, оларды б.з.б. VI ғ-дың басында Вавилон патшасы Навиходоносор ІІ-нің, одан соң б.з. І–ІІ ғ-ларында римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударуынан кейін қолданыла бастаған. Кейінірек «Д.» термині басқа этн. қауымдастықтар мен діни қауымдастықтарға да қатысты қолданылатын болды. Д. өзі тұрып жатқан елдегі аз этн. топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыс- та болуға тырысады. Бұл ұғымды алғаш рет ғылыми айналымға енгізген және негіздеген Ә. Нысанбаев болды. Бүгінгі таңда 40 мемлекетте 5 млн.-ға жуық қазақ Д-сы тұрып жатыр.