Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет549/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   545   546   547   548   549   550   551   552   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Шығ.: И. Хейзинга. Осень средневековья. М., 1988; И. Хейзинга. «Homo ludens» М., 1992; И. Хейзинга. «В тени завтрашнего дня». М., 1992; Г. Тавризян.
«О. Шпенглер и И. Хейзинга: две концепции культуры». – М., 1987.


ХИНАЯНА (санскр. кіші дөңгелек, кіші арба) – буддизмнің екі бағы- тының бірі (махаянамен бірге). Х. махаянамен салыстырғанда ертерек пайда болды деген түсінік бар.Термин б.з.б. бірмыңжылдықта пайда болды


509

деп жорамалданады. Х. деп буддалық мектептер мен ағымдардың ішіндегі ең консервативті, көбінде палийлік канон – трипитакаға (буддизмнің діни- философиялық мәтіндер жинағы) негізделінгенін айтады. Х.-ны ұстану- шылар жоғары шындық пен жоғары рахат күйі – нирванаға тек қана ат төбеліндей аз рухани элита (таңдаулылар) ғана жетеді деп түсінеді. Буддизмнің Х-лық варианты әсіресе Цейлон аралында көп қоныс тепкен.Х- ны Махаянадан («Үлкен дөңгелек», «Үлкен арба») төмендегідей қасиеттері өзгешелеп тұр: Егер Махаянада Будда құдай деп танылса, Х.-да Будда – тарихи тұлға, Шакьямуни (Шакья тайпасынан шыққан данышпан); Будда адамдарды басқарушы, олардың тілек-талаптарын орындаушы құдай емес, ол тек қана жол көрсетуші, өнегелі тұлға; Х-да әрбір адамның Будда болу мүмкіншілігі бар, ол үшін тек Шакьямуни өнегелі өмір жолынан өту керек; Будда Х.-да тіршілік иесінің ең биік мұраты ретінде қарастырылады; Х-дағы ең негізгі принцип – индивидуализм, яғни ешкім ешкімді қорғай да, тазарта да, босата да алмайды, ешкім ешкім үшін ештеңе жасай алмайды, өйткені тек адамнығ өзі, оның ықтияры, ерік-жігері, шешімділігі, төзімділігі мен даналығы ғана адамды жарқын болашақ пен жарық жолға бастайды; Х-да нирвана ең биік жетістік ретінде анықталады. Нирвана күйінде адам толығымен мына фәни жалғаннан, құбылыстар әлемінен, феноменальды дүниеден жоғарыға көтеріледі; Х-да дәруіштік, дуаналық, яғни жұрттан безіп, саяқ тұрушылық – рухани жетілем деушілердің ең алғашқы сатысы. Х-да құбылыстар әлемі (сансара) мен рухани бейқамдық әлемі (нирвана) қарама-қарсы қойылады. Х-ның діни-әдеби мұрасына: «Милинда–панна»,


«Висуддхимагга», «Атхасалини», «Дхаммапада», «Абхидхамматтха- сангаха», «Паритта», «Абхидхармакоша», «Лалитавистара» жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   545   546   547   548   549   550   551   552   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет