Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық айырмашылығы.ҒТР мен ақпараттық экономика дүниежүзілік картада елдерді бірнеше топтарға бөлді.Нәтижесінде,дүниежүзілік экономикада екі полюстік түсінік пайда болып орталық шет аймақ деген тұжырымдама қалыптасты.Мұның салдарынан дүние жүзіндегі елдер біріне-бірі тең емес екі топқа бөлінді.Оның біреуі қазіргі ақпараттық экономикасы дамыған елдер тобы-орталықты құрады.Бұларға постинндустриялық елдер жатады.Олардағы дәстүрлі өнеркәсіптің маңызы кеми түсуде.Бұл елдер «қарапайым индусриялизация»кезеңінен өтіп, қазіргі жоғары технологиялық өндірісті дамытуда.90-жылдардың ортасында мұндай дамыған елдерге 25 мемлекет кірді.Олар жер шарындағы құлықтың 1/5-ін қамтыды және оларда 800 млн-нан астам халық тұрады.Жер аумағы мен халық санына қарамастан, олар жалпы және өнеркәсіп өнімдерінің 50℅-ына жуығын өндірген.