Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Елдердің мемлекеттік құрылымы, топтары



бет60/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71
Байланысты:
лекция

Елдердің мемлекеттік құрылымы, топтары.  Латын Америкасында орналасқан  елдердің басым көпшілігі- унитарлық республикалар, ал Аргентина, Бразилия,Венесуэла,Мексика мемлекеттік құрылымы жөнінен федерациялық республикалар болып табылады. Аймақта Британ Бірлестігімен мүше тәуелсіз мемлекеттерде  бар.Латын Америкасындағы елдерді тарихи-географиялық жағынан бірнеше топтарға бөледі: 1) Орта Америка немесе  Мезоамерика ( Мексика, Орталық Америка және Кариб теңізіндегі  аралдық мемлекеттер); 2) Анд елдері  (Венесуэла, Колумбия, Экватор, Перу, Боливия,Чили); 3) Ла-Плата елдері (Парагвай, Уругвай, Аргентина); 4) жетекші ел- Бразилия.

            Географиялық жағдай.   Табиғи ресустары.

Латын америкасы аймағының  географиялық жағдайының  өзіне тән ерекшелігі ол Тынық және Атлант мұхиттарының арасында тұр,  бұлар бір-бірімен стратегиялық тұрғыдан  маңызды панама Каналымен  жалғасып жатыр. Аймақтағы елдер үшін (Боливия мен Парагвай басқаларына)  басқа материктермен ғана емес, Латын Америкасы елдерінің өздерінің арасындағы  қарым-қатынастар үшін  де Дүниежүзілік мұхитқа шығу өте маңызды.Аймақты табиғи  ресустары  аулан түрлі және мол. Олар ауыл шаруашылығының  да, өнеркәсіптің де дамуына қолайлы.Мұнда топырағы құнарлы кең байтақ  жерлер бар, олардың бірі- Ла-Плата ойпатына орналасқан Пампа – жүзіне мәлім; Амазонканың, Ориноконың, Парананың аса мол су жүйелері бар; ұлан-ғайыр болғанымен , тез азайып келе жатқан тропиктік орман алқаптары бар.Жағалаудағы  мұхиттар мен теңіздердің  суында балық пен теңіз өнімдері мол.Латын Америкасында едәуір отын-энергетика ресустары: мұндай ( Венесуэла, Мексика,Перу,) газ ( Боливия, Венесуэла), көмір, уран бар. Соңғы жылдары  гидроэнергия ресустары кеңінен  игеріліп жатыр.Атап айтқанда,Парагвай мен Бразилия  арасындағы парана  өзенінде дүниежүзіндегі ең ірі  «Итайпу» гидроэнер ресустары кеңінен игеріліп жатыр. Атап айтқанда, Парана өзенінде дүниежүзіндегі ең ірісі болып табылады. Энергияның жаңа негіздерін тауып,  игеру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірқатар елдерде (мысалы, Мексикада атом энергниясын дамыту жөніндегі бағдарлама қабылданды.Бразилиядағы қант құрағынан алынатын этил спиртін жанармай ретінде пайдалану саласында жүргізіліп жатқан тәжірибелер кеңінен мәлім.Аймақ басқа ресустарға да кенде емес:металл рудалары, химия шикізаты, руда емес қазбалар көп.Темір, мыс,күміс,молибден,суырма  қорларының (ҚХР мен Ресейді есептемегенде) үштен бірінен астамы осында. Темір рудасының негізгі  қорлары Бразилияда (дүниежүзінде алдыңғы орындардың  бірінде), Венесуэлада, Чилиде, Перу мен Мексикада, қалайы- Боливияда, асыл металдар рудаларының қоры – Колумбияда, Бразилияда, Перуде және т.б. шоғырланған. Халқы. Латын Америкасы тұрғындарының этностық құрамы өте-мөте ала-құла: Еуропадан барғандардың ұрпақтары, метистер(ақ нәсілдері мен негрлердің некелесуінен туған ұрпақтар), үндістер,қытайлар ж.е т.б. Қоныс аударушылар елдері- Аргентина,Уругвай,Чили- ұлттық құрамы жөнінен  неғұрлым біртекті. Үндіс халқының үлесі неғұрлым біртекті. Үндіс халқының  үлесі неғұрлым көп елдер- Боливия (63% ) мен Гватемала (54% ).Латын Америкасы халқы тез көбейіп келе жатқан аймақтардың қатарында (шамамен 20%), осы себепті мемлекеттердің көпшілігінде тұрғындар «жас». Халық неғұрлым шоғырланған  негізгі аудандар мұхит жағалаулары,  Вест-Индралдары, аралдары кейбір  таулы аймақтар. Бұған керісінше, Амазонк, Ориноко, Парагвай  бассейіндерінің кең-байтақ өңірлерінде  халық сирек орналасқан.Урбандалау  деңгейі біршама жоғары (65%).Неғұрлым көбірек урбандалған елдер-Аргентина, Уругвай мен чили (80-дан астам).

 Латын Америкасының шаруашылығы.



 Отарлау кезеңінде аймақта бағалы металдар өндірісі мен плантациялық шаруашылық басым дамыды, бұл өнімдер түгелімен дерлік Еуропа нарығына бағытталған болатын.Тәуелсіздігін алғаннан кейін де, бұл елдердің шетел қаржысына  негізделген, сыртқы нарыққа бағынышты экономикасы біржақты дамыды. Дамыған елдердің аймақтағы жас дамушы мемлекеттерге ықпалы, ең алдымен, экономикадағы үстемдігімен анықталады. ХХ ғасырдың басында Гондурас жеріндегі банан плантацияларына иелік еткен АҚШ бұл елдің істеріне араласа алатын. Сондықтан осы елге  қатысты ең алғаш рет «Банан республикасы» деген атау пайда болды. Кейінен экономикасы біржақты  сипат алған  және шетел монополистері  тәуелді дамушы елдердің барлығын бірдей бейнелі  түрде осылай анықтайтын болды.Аймақтың минералды ресустары  барланған соң, Мексика,Венесуэла, Перу, Боливия,Чилиде шетелдік компаниялардың иелігінде  ірі мұнай кәсіпшілері  мен кенштер пайда болды.Кариб алабындағы  қант қамысын өсіруге маманданған  аралдық мемлекеттер  «қант салғышқа», ал Бразилия мен колумбия «кофе елдеріне» айналды. Аргентина, Уругвай  мен Бразилия жеріндегі пампада ет пен жүн дайындалды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң аймақтың Еуропа елдерімен дәстүрлі экономикалық байланыстар үзіліп қалды.Бұл жергілікті қаржыға негізделген  кішігірім кәсіпорындарының  пайда болуына, сондай-ақ АҚШ тәрізді қуатты көршінің нарыққа  емін-еркін еніп, басымдылық көрсетуге себепші болды.Экономиканы шетел монополистердің  ықпалынан шығару мақсатында шаруашылықтың салалық құрылымын күрделендіру, өнеркәсіпті қарқынды дамыту міндетті қойылды.Алғашында «импортты алмастыру» деп аталған даму үлгісі басшылыққа алынды, яғни ішкі  нарықта  импорттық  тауарларды жергілікті өндіріс тауарларды ығыстыра бастады.Аймақтағы жетекші елдерде  мемлекет тарапынан  қолдау тапқан жергілікті кәсіп орындардың  1960-1990 жылдар аралығында 70-90%- ға қанағаттандыра алатындай дәрежеге жетті. Бұған осы елдерде орналасқан  шетелдік және бірлескен кәсіпорындар да  ө з үлесін қосты. Мысалы, Бразилия мен Мексикада шетел қаржысының қатысуымен жаңа технологиялық негізде ірі автомобиль өндірісі қалыптасты.Ішкі нарық күшті бәсекенің болмауы, жергілікті мамандардың кәсіби шеберлігінің төмендігі, орасан мол сыртқы қарыздың пайда болуы, экономиканың дамуын кері шегіндіріп тастаған 80-жылдардағы терең дағдарыс дамудың жаңа жолын  іздестіруші себеп болды.» Экспорттық бағдарлану» деп аталған даму үлгісі  мемлекеттік  кәсіпорындарды жекешелендіру, елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту бағытында жүзеге асыра алады. Латын  Америкасы ішкі жиынтық өнімнің жаңа басына шаққандағы мөлшері (3950 АҚШ доллоры) жөнінде Азия мен Африкма елдерінен әлде қайда алда тұр.Дегенмен Латын Америкасы елдердің сыртқы қарыздары өсу үстінде;ХХ ғасырдың соңына қарай оның жалпы мөлшері 757 млрд долларды  құрады.ӨнеркәсібіАймақта тау-кен өнеркәсібі  күшті дамыған,бұған минералды шикізат қорының молдығы және алуан түрлілігі  себепші болған.Африкадағы дамушы елдермен салыстырғанда Латын Америкасында өндірілген пайдалы қазбаларды  өңдеуде жүзеге асырылады.Латын Америкасында қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп саласының  бірі-энергетика. Энергетикалық шикізатын мұнай мен газ құрайды.олардың үлесіне бастапқы  энергия көзінің 85%-ы тиесілі.Қазіргі кезде  су энергиясының  үлесі де (10) біртіндеп артып келеді,  оның энергия балансындағы үлесі жөнінен Латын Америкасы дүние жүзінде  жетекші орын алды.Аймақ бойынша  энергияның тұтынудың  жан басына шаққандығы  көрсеткіші үлкен  айырмашылықтар жасайды. Кариб алабындағы ағылшын тілдес  шағын елдерде жан басына шаққанда энергияның тұтынуы еуропалық көрсеткішке  жақын болса, Гайти тәрізді елдерде орташа  әлемдік көрсеткіштен 20 еседей төмен.Электр энеогиясын өндіруде СЭС-тер маңызды рөл атқарады.Мексика,Бразилия және Аргентинада өнеркәсіп орталықтары  мен ірі қалаларды  қамтамасыз ететін аса ірі  СЭС жүйесі іске косылган. Көптеген елдерде ауылдық елді мекндер мен  шалғай аудандар электр энергетикасымен қамтамасыз етілмеген. Гаити, Гондурас,  Боливияда тұрғын халықтың 20% ғана электр энергиясын тұтыну мүмкіндігіне ие. Қара  және түсті металлургия жергілікті шикізат базасы негізінде және шетел қаржысының қатысуымен дамуда. Бұл салаларда соғң кезде жаңа технологияларды пайдалану( темір кені құрамынан шойын қорытпаяқ тікелей темірді бөліп алу) және экспорттау бағдарлану жобалары жүзеге асуда.Болат балқытудан Бразилия ( жылына 26.7 млн тонна) Мексика (14 млн т), Венесуэла мен Аргентина (әрқайсысы 4 млн т) көзге түседі. Алюминий өндірісіне қажетті мол боксит қоры, арзан электро энергиясы бар Бразилия бұл салада жетекші орын алады. Қазіргі кезде Латын Америкасына әлемдегі таза мыс өндірісінің 25%  тиесілі. Мыс өндіруден Чили жетекші ел болып саналады.( 2.2 млн т), ол «қара» (тазартылмаған) мыс өндіруден дүние жүзінде  1орын, ал таза мыс өндіруден АҚШтан кейін 2 орын алады.Металл өңдеу және машина жасау өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі жоғары болғанымен, орналасуында ала құлалық байқалады. Аймақтағы жетекші  үш ел бұл саладағы өнімнің2/3бөлігін өндіреді. Металл өңдеумен машина жасау кәсіпорындары Венесуэлла, Колумбия, Чили мен Перуде бар. Автомобиль жасауда  Бразилия  айрықша көзге түседі. Оның үлесіне аймақта жасалатын машиналардың 2/3  бөлігі тиесілі. Аймақтағы автомобиль өндірісінің аумақтық шоғырлануы күшті, Бразилия автозауыттары негізінен Сан Паулу мен Сантус Порты аралығында, ал Мексикада Мехико маңында, Аргентинада Кардова қаласының айналасында  орналасқан. Аймақта сондайақ кемелер мен ұшақтар, құрал жабдық, тұрмыс техникасы жасалады. Бұл өнімдер негізінен ішкі нарық сұранысын  қамтамасыз етеді. Аймақ экономикасының мамнданған саласының бірі мұнай өңдеу саласы күшті дамыған.  Аймақтың үлесіне жалпы дүние жүзінде өңделетін мұнайдың 14% тиесілі. Бұл ішкі өнім ғана емес едәуір мөлшерде сырттан  әкелетін шикізатта өңделеді деген сөз. Кариб алабындағы кіші елдер мен аумақ сырттан  әкелінетін шикізатнегізінде жұмыс істейтін ірі мұнай өңдеу кешені қалыптасқан. Саяси картасының қалыптасуыСаяси картасының қалыптасу кезеңдері. Латын Америкасының казіргі саяси картасы, негізінен, еуропалық отарлау және ұлт-азаттық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасты. Қазіргі кезде мұнда 33 төуелсіз мемлекет орналасқан.Еуропалықтар келгенге дейін XV ғасырдың соңына қарай Латын Америкасы аумағында аңтектердің (Мексика таулы кыраты), майя (Юкатан түбегі) және инктердің (Анд тауы ауданы) аса күшті дамыған өркениеттері болды.Латын Америкасын, жалпы Американы отарлау Кариб теңізі аралдарынан басталды. Географиялык жағынан алғанда да орталық болып саналатын бұл аудан жаңа дүние бөлігін игерудің тірегіне айналды. XVI ғасырдың алғашқы ширегінде Орталық Американы тұтасымен дерлік отарлаған испан басқыншылары (конкистадорлар) кейінірек Оңтүстік Америкаға да жетті. Жаңа жерлердің кепшілігі Испанияның иелігінде болды, Португалия Бразилияны отарлады.Кариб алабындағы аралдарда Еуропаның бірқатар елдерінің отарлары орналасты. Франция Оңтүстік Американың солтүстігіндегі аумақтарды отарлады (қазіргі кезде оның иелігінде Гвиана ғана қалған). Суринам алғашында испан, кейіннен ағылшын отары болса, акыр соңында Нидерланд Суринамды Англиядан Жаңа Амстердамның (Нью-Йорк) орнына айырбастап алған.АҚШ-тың тәуелсіздік алуы Латын Америкасындағы жаппай ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына түрткі болды. 1791 жылы француз отары Сан-Домингода (Гаити аралының батысы) кұлдар көтерілісі басталып, 1804 жылы Латын Америкасындагы ресми танылған алғашқы тәуелсіз мемлекет — Гаити пайда болды.1809 жылы Эквадор, 1810 жылы Мексика, Чили, 1811 жылы Парагвай, Колумбия, Венесуэла, 1816 жылы Аргентина, 1821 жылы Коста-Рика, Никарагуа, Перу, Сальвадор, Гондурас, Гватемала, 1822 жылы Бразилия, 1825 жылы Уругвай, Боливия, 1844 жылы Доминикан Республикасы тәуелсіздік алды.XIX  ғасырдың 30—40-жылдарында АҚШ Мексиканың біраз бөлігін (қазіргі Техас штаты мен Үлкен Тұзды келге деішпі аральщты) басып алды. XIX ғ. 80-жылдары болған соғыс нәтижесінде жағалау аудандары Чилидің иелігіне өткен Боливия теңізге шыға алмай қалды. 1898 жылы Испаниямен соғыста жеңген АҚІП Пуэрто-Рико мен Кубаны иеленді. Сонымен XX ғасырдың басына қарай Латын Америкасында Ұлыбританияның, Нидерландтың, Францияның, АҚШ-тың, Данияның иеліктері сақталып қалды.XX ғасырда Латын Америкасының саяси картасы біршама өзгерістерге ұшырады. 1902 жылы Куба, 1903 жылы Панаманың тәуелсіздігі жарияланды; 1916—1917 жж. Дания өз иелігіндегі аралдарды АҚШ-қа сатты; 1838 жылы Парагвай аумағы Боливиядан алған Гран-Чако есебінен ұлғая түсті. 1959 жылы Кубада социалистік революция болып, мемлекет жүйесі өзгерді. XX ғ. 60—80-жж. аралдық аумақтар азаттық алды.Қазіргі кезде Латын Америкасындағы кейбір аумақтар әлі де болса, басқа елдердің иелігінде қалып отыр (оларды саяси-өкімшілік картадан табыңдар).

Геосаяси жағдайы. Қазіргі кезде мемлекеттің экономикалық қуаты оның әлемдік саясаттағы орнын белгілейтін аса маңызды көрсеткішке айналған. Жалпы алғанда, Латын Америкасының геосаяси жағдайына баға беруде мынадай факторларды атап өту кажет:

1) аймақ елдерінің басқа дуние бөліктерінен шалғайда орналасуы. Осы себепті мұндағы жеке еддің дамуына халықаралық жағдайға карағанда аймакішілік саяси-экономикалық ахуалдың әсері мол;

2) Латын Америкасыныц дүние жүзіндегі аса қатты дамыған мемлекет АҚШ-пен көршілес орналасуы. Дүниежүзілік экономика мен саясатта жетекші орын алатын мемлекетпен көршілестігі белгілі бір дәрежеде Латын Америкасы елдерінің әкономикалық және саяси-әлеуметтік даму бағытын анықтайды десе де болады. Латын Америкасы тарихи-географиялық себептерге байланысты халықаралық деңгейдегі геосаяси орталық болып табылатын АҚШ-тың басты ықпал ету аймағына айналған. Мысалы, АҚШ-тың мұнай өндейтін ірі кәсіпорындары Кариб алабындағы ірі танкерлер тоқтауға ыңғайлы айлақтарда орналасқан және сауда кемелері бұл елдердің "қолайлы жалауларын" пайдаланады. Аймақтағы елдердің көпшілігінің сыртқы саясаты — АҚШ мүддесіне сай үйлестіріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет