Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Тақырыбы:Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары



бет24/50
Дата06.02.2022
өлшемі265,72 Kb.
#73960
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Байланысты:
Эволюциялық ілім 2020 -4 курс семестр

Тақырыбы:Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары
Жоспары:

1.Табиғи сұрыптау ұғымы, табиғи сұрыпталудың алғы шарты - особьтардың гетерогенділігі


2.Биогеоценоз – тіршілік үшін күрес аймағы
3.Тіршілік үшін күрестің және элиминацияның формалар


Лекция мәтіні:
1.Табиғи сұрыпталудың творчествалық ролі.Адам көзіне мүлде шалына бермейтін организмдердің ерекшеліктері табиғи сұрыпталуға ұшырайды. Тіршілік үшін күресте аз болса да маңызы бар кез-келген тұқым қуалайтын өзгеріс табиғи сұрыпталуға ілігеді. Демек, табиғи сүрыпталу популяцияға түрге пайдалы тұқым қуалайтын өзгерістерді толық сақтап жинақтап ортаға басқалардан дажаңа жақсы жетіген және ұрпақ қалдыра алатын особьтар жасау арқылы әсер етеді. Мұндай особьтартіршілік үшін күресте сирегірек иөледі.
Табиғи сұрыпдалу баяу әсер етеді және кез-келген жастағы особьтардың екі жынысына да таралады. Табиғатта табмғи сұрыпталу творчествалық роль атқарады: бағытсыз тұқымқуалайтын өзгерістерден дәл осы жағдайларда өмір сүруге әлде қайдажетілдірілген жаңа особь топтарын түзе алатыны ғана сұрыпталады. Табиғи сұрыпдалу-эволюциялвқ процестің негізін қозғаушы күші. Ол популяциялар санын көбейтіп гендік құрамының алуан түрлілігін арттыруға жеткізетін түрдің кең таралып орналасуы кезінде ойдағыдай өтеді. Мұпдай жағдайларда сұрыпталу мүмкіндіктері өрістей түседі. Табиғи сұрыпталудың қарқындылығымен бағыты жылдың әр маусымында жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл особьтардың биологиясымен тіршілік жағдайларының ауытқуына байланысты жүреді. Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталу әсерлерін салыстыру. Тұқым қуалайтын өзгергішті екі процеске де негіз болып, сұрыпталу, а материал жеткізіп береді. Қолдан сұрыпталу мен табиғи сұрыпталу нәтижесінде жаңа формалар жасалынады; Қолдан сұрыпталу кезінде-тұқымдармен сорттар,ал, табиғисұрыпталу кезінде түрлерпайда болады. Бұл екі процестердің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Адам қолдан сұрыпталу кезінде особьтары байқалған белгілері бойынша іріктелген особьтардың организм үшін тіпті зиянды болуы мүмкін. Мәселен шошқалар мен мсүтті сиырлардың ең жақсы тұқымдары адам қамқорлық жасмаған болса, табиғатта өмір сүрмеген де болар еді. Табиғи сұрыпталудың кезінде айналадағы ортажағдайлары сұыптаушы фактор болып табылады.Осыған орай табиғи сұрыпталу тек популяциялар мен түрдің толықпайдасы үшін ғана әсер етеді.
Адамның қажітіне және бегілеген мақсатына бейімделген үй хайуанаттарының тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің сорттары қолдан сұрыпталу нәтижасінде пайда болады. Адам егіншілікпен және хайуанаттарды қолға үйретумен шұғылданғаннан бері қолдан сұрыпталу жүгізіліп келеді. Табиғи сұрыпталу органикалық дүниенің бүкіл тарихы барысында жерде тіршілік пайда болғаннан бері жүруде Табиғи сұрыпталу мен қолдан сұрыпталу бір-бірімен тығыз байланысты: жануар тұқымдары мен өсімдіктер сортарына қолдан сұыпталудан басқа табиғи сұрыпталу да әсер етуде. 2. Биогеоценоз – бұл жерде бетінің белгілі бір жеріндегі біркелкі табиғат құбылыстарының (атмосфера, тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінің және микроорганизмдер дүниесінің топырақ және гидрологиялық жағдайларының) жиынтығы, мұны құраушы компоненттер өзара ерекше байланысты, оларға тән өзара зат алмасу және энергия алмасу түрі болады және бұл табиғаттың басқа құбылыстарымен де байланысты .Бұл жиынтық үнемі қозғалыстағы, дамудағы диалектикалық бірліктің ішкі қарама-қарсылығы түрінде болады.
3.Тіршілік үшін күрес түсінігіне Дарвин организмнің қоршаған абиотикалық та, биотикалық та факторлармен арақатынасын кіргізеді. Организмдер арасындағы қатынасты түрішілік және түраралық деп бөлуге болады. Дарвин тіршілік үшін күрестің айқындылығын табиғатты бағдарлап қана қоймай, эксперимент арқылы да көрді және дәлелдеді. Мысалы, бір тәжірибесінде ол өсімдіктер шыдамдылығының температураға байланыстылығын көрсетті. Бұршақтардың 390 көшетінен кейін түнгім суықтан кейін 12-сі ғана тірі қалғанын көрді. 4 күн өткеннен кейін қайта болған түнгі суықтан кейін ол қалған 12-нен 3-еуі ғана аман қалды. Табиғатта пайдалы белгісі бар организмдердің тірі қалуы және ұрпақ қалдырып өркендеу мүмкіндігі мол болады. Бұған керісінше, қандай да болса организмге зиянды өзгеріс, оның тіршілігіне теріс ықпал етеді, ондай өзгерісті особьтар ең алдымен құрып кетеді (элиминация) немесе өсіп-өне алмайды. Элиминация ортаның әртүрлі факторларына байланысты. Табиғатта мұндай процесс болатынына бақылау фактылары дәлел болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет