Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет116/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

6.4. Қабылдау бойынша айтылым
Қабылдау бойынша айтылым баланың дамуына, соның ішінде 
сенсорлық дамуына үлкен әсер етеді. Сезіну мен қабылдау негізінде ойлау, 
қиялдау секілді күрделі психикалық үдерістер дамиды. Қабылданып жатқан
заттарды дауыстап атаған кезде олар ажыратылады, тез ұғынады, берік еске 
сақталатындығы психологтармен дәлелденген. Бала заттың белгілі бір 
қасиетін атап отыра, оларды айқынырақ бөледі, яғни өзінің сезінуі мен 
қабылдауын жаттықтырады. Балалар өздері білетін, көрген объектілерді 
сипаттауды үйренетіндіктен, педагогтар бұл әңгімелерді тәрбиелеу 
мақсатында пайдалануы қажет. Бала заттың шынайы жақтарын қамтып 
көрсетуі және оның тағайындалуын дұрыс анықтауы қажет; сонымен бірге, 
балаларды заттармен қолдануды үйрету қажет (қасықты қалай ұстау 
керектігін, қуыршаққа мойынорағышты қалай байлау керектігін көрсетуді 
ұсыну).
 
Ойыншықтардың 
сипаттамасы. 
Ойыншықтарды 
сипаттау 
сабақтарының алдында балалар ойыншықтардың бөліктері мен сапасын 
ажыратуға үйрететін, тиісті сөздікті меңгертетін оларды қарау бойынша 
сабақтар болу қажет. Орта топта үйретудің бірінші кезеңінде бұл 
сабақтардың кейбір ерекшеліктері бар. Балада кейіпкердің «жағдайын» 
аңғару (құыршақ күледі, күлкілі үйрек және бұзық, т.б.) немесе олардың 
қозғалыста көрсету мүмкіндігі болу үшін оларға
бейнелі, жарқын даралығы 
бар ойыншықтар ұсынған жөн. Кейде ойыншықтарды сабаққа дейін 5 минут 
бұрын топ бөлмесіне кіргізген, балаларға оларды қарауды және ұстауды 
ұсынған, ал сабақта әңгіме барысында оларды қолдарына бермеген жөн 
себебі басында бұл балаларға баяндама құрастыруда зейін қоюына кедергі 
болуы мүмкін. Балаларға таныс ойыншықтың пайда болуын басқаша 
келтіруге болады, содан соң сол кейіпкер оларға қосымша бірдеңе айту
сұрақтармен және өтінішімен бұрыла сөйлейді («Айша, менің құйрығым 
туралы да айтшы», «Саған менің алжапқышым ұнайды ма? Мен ол туралы 
естіген жоқпын»). Үйретудің жетекші тәсілдері 

педагог беретін сипаттама 
үлгісі, әңгіме жоспары, білдірмей айту, балалардың толықтырулары. Ересек 
топтарда бұндай ҰОҚ
сирек жүргізіледі, ал ойыншықтар күрделірек 
таңдалады. Бұндай ойыншықтың, сондай
-
ақ оның материалы мен пішінінің 
(ойыншық сағат, телефон, тақта, автобус) сипаттамасы оның бөліктерінің 
кеңістіктік орналасуын талап еткендігі дұрыс. Сол бір ҰОҚ
тапсырмаларды 
саралау қажет: жоғары даму деңгейлі балалар тек бір ғана ойыншықты 
сипаттамай, екі
-
үш заттан құралатын тұрақты композицияның үстел үстінде 
орналасуын көрсете отыра, оларды элементтері бойынша салыстыра жұп 
ойыншықтарға сипаттама құрастыра алады.
Көп жағдайда ойыншықтарды 
ҰОҚ
үстіне жауып кіргізеді және балаларға бір
-
бірлеп беріледі.
Тәрбиеші бірінші сабақта әңгіменің үлгісі мен жоспарын береді (Сенде 
қандай зат? Оның қандай бөліктері бар? Олар не үшін қажет? Сол затты 
қалай қолданатындығын түсіндір және көрсет?). Бала педагог үстеліне келіп, 
ойыншықты қолына алады, оның жан
-
жағын қарайды, ұстайды, топқа 
денесімен бұрыла отыра, барлық қатысушыларға сипаттау объектісін көрсете 
тұра, әңгімелей бастайды. Егер әңгіме туындамаса, бұл ойыншықты тағы
екі
-
үш балаға тапсырманы қалай орындау керектігін көрсету үшін ұсынуға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет