Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Жауабы: 1.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы



бет11/15
Дата16.10.2019
өлшемі0,78 Mb.
#50047
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
kazakstan-tarihy
0008cbfd-1691e756

Жауабы:

1.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.

1990 жылдары Қазақстанда күн өткен сайын мемлекеттік егемендікті жариялауды талап етушілер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті. Күн сайын Жоғарғы Кеңес үйінің алдында таңертеңнен кешке дейін саяси митингілер өтіп жатты. Ал Алматы қалалық партия комитеті үйінің алдында жастар пикет ұйымдастырып, аштық жариялады.Олар Қазақстанның тәуелсіз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелердің дереу шешілуін, Кеңес Армиясын тез арада реформалауды талап етті. Республикадағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Қазақстанның әр түрлі аудандарында құрыла бастаған казачество ұйымдарының қазақ халқының намысын қорлайтын әрекет ретінде бағаланып, оған қоғамдық қозғалыстардың бірлесе соққы беруі үлкен түрткі болды. Осындай жағдайда Жоғарғы Кеңестің сессиясындағы бірқатар айтыс-тартыстардан кейін, бұрынғы кеңестік республикалардың соңғыларының бірі болып «егемендік шеруіне» Қазақстан да қосылды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылады.Мемлекетте егемендіктің жариялануы-республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды. Егемендік туралы құжатта Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары белгіленді. Орналасқан аумағына, қойнауына, суына, басқа да табиғи ресурстарына республика ерекше меншік құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынастардағы мәселелерді шешуді республиканың дербестік танытатыны айқындалды.Сонымен қоса,бұл құжаттың шын мәніндегі мемлекеттік егемендікке толық жауап бере алмайтын жақтары да болды.Оларең алдымендекларациядағы “одақты сақтауға ” қатысты баптардан көрініс тапты.Ол кезде қалыптасқан саяси жағдайында Орталық билік органдарының өкілдері бұрынғы одақтас республикалардың егемендік шеруіне салқын,қарады.Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдануының тарихи маңызы зор болды. Бұл республиканы толық тәуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам еді. Бұл кезде республиканың өз ішінде мемлекеттік билік органдарының құрылымдарында өзгерістер болды. Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы, заң қабылдады.Республиканың қаржыландыру, материалдық-техникалық және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы әрекет мүмкіндіктері молайды. Одақтас республикалармен тікелей байланыстар жүзеге асырыла бастады. Тұтас парламенттік аппарат құрылды.

Егемендік Қазақстан Президентіне еркін қимылдауға жол ашты. Экономика саласында орталықтың рұқсатынсыз шетелдермен тікелей байланыс жасала бастады. Халықаралық қатынаста Семей атом полигоны жабылуының маңызы зор болды.

Қазақстан Президенті Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде, Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақстан үкіметінің құзырына беру туралы, Қазақ КСР-нің алтын және алмас қорын құру жөнінде, Казақ КСР-нің сыртқы экономикалық қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жарлықтар шығарды. Бұл әрекеттер, жалпы алғанда, одақтық министрліктердің үстемдігін жойып, республиканың шын мәніндегі тәуелсіздігіне жол ашты.

Егемендік жариялаған бұрынғы одақтас республикалар енді өзара тікелей байланыстарға шыға бастады. Қазақстан 1990-1991 жылдар ішінде Беларуспен, Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен,Украина елдерімен экономикалық шарттар жасасып, өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды
2.Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептері, ондағы ортақ ұқсастықтарды талдаңыз.

Қазақ жеріне монғол шапқыншылығының себептері:Монғол мемлекеті құрылғаннан кейін соғыс әскери олжа ретінде, жаңа жайылымдар алу мақсатында байлыққа ие болу құралы, сонымен бірге монғол қоғамын біріктіру құралы ретінде қызмет етті. Бұл саясатта Қазақстан мен Орта Азия жеріне жорық, жоспарланған басқыншылықтың жалпы үрдісіндегі бір бөлік қана болды. Шыңғысханның жоспары бүкіл Азия менШығыс Еуропаны жаулап алу болды.Ол өзінің үлкен ұлы Жошының үлесіне «Монғол атының тұяқтары тиетін»Ертістен батысқа дейінгі әлі бағындырылмаған елдер мен барлық жерді алдын-ала берді.

Қазақ жеріне жоңғарлардың қызығу себептері:Қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен оңтүстік, оңтүстік-шығыстағы сауда-қолөнер орталықтарықызықтырды.Қазақстанды жаулап алу арқылы, өз хандығының шекарасын нығайту, бағынған халықтан қосымша алым-салық алу көзделді және қазақтарды құл етіп ұстаудың мүмкіндігін де қарастырды. Қазақ жерін жаулап алу арқылы Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтармен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, Қытай сияқты алып империяның қыспағына түскенін айта кету керек.

Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептеріндегі ортақ ұқсастықтар: Экономикалық мүдде,Орталық Азияны басып өтетін керуендік сауда жолдарын өз бақылауында ұстап, одан түсетін олжаға ие болу.Шыңғысхан үшін бүкіл Орталық Азияны жаулап алу Иран,Ауғанстан, Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа елдеріне жол ашатын еді және де солай болды да.Ал, жоңғарлар Жетісу мен Сырдария өңірін басып алу арқылы, Ресей,Сібір, Орта Азиямен байланыстыратын сауда жолдарын бақылауда ұстауды көздеді, одан әрі Ауғанстан, Иран мен Закавказьеге жол ашылады деп үміттенді.Екеуі де жаңа жайылымдар басып алуды көздеді, сонымен бірге өз мемлекеттерін нығайту, билік ауқымын ұлғайту, күшейту саясатын қосуға болады.
3.Әбілқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.

ХV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады.Қазақстанның орталық,батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болады.Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеңіп шығып, 1428жылы хан сайланады.Әбілқайыр-Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы.Шайбани ханның ұлысы Батый ханның тұсында құрылған.Жазба деректерде Батый ханның Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығы кезінде Шайбани да онымен бірге болған.Жорықта көрсеткен жақсы қызметі ушін Батый хан Шайбани ханға қосшы етіп,найман,бұйрық және қарлұқ тайпаларын берген.Олар Орал тауының бөктеріндегі Тобыл, Ырғыз, Жайық өзендерінің аралығындағы кең-байтақ жерлерді жайласа, ал қыста Арал теңізі өңірінде,Шу,Сарысу өзендерінің бойында,Сырдарияның төменгі ағысында қыстаған.Осы көрсетілген жерлерде Шайбани ұлысы өмір сүрген.

Осы ұлыстың билігі Әбілқайырдың қолына тигеннен бастап хандықтың саяси беделі көтеріледі.Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Хан оны жас кезінен жорықтарға өзімен бірге алып жүрген. Жұмадық хан маңғыттарға шабуыл кезінде қаза болып, 16 жасар Әбілқайыр тұтқынға түседі. Бірақ маңғыт билерінің шешімі бойынша тұтқыннан босатылады. Сол жорықта ерлігімен көзге түскен Әбілқайырды 17 жасында, 1428 жылы екі жүзден астам ақсүйек-шонжарлар хан сайлайды. Тарихи жазба деректерде бұл жаңа құрылған хандықтың аты "Өзбек ұлысы", "Өзбек хандығы", немесе "Шайбани ұлысы", "Әбілқайыр ұлысы"-деп аталады. Ал ұлыстың алып жатқан жері мен халқының басым көпшілігі қыпшақтар болғандықтан оны "Қыпшақ хандығы" деп те атаған. Алайда Әбілқайырдың қырық жылдан астам хан болуы "Әбілқайыр хандығы" деген атауды қалыптастырған.

Әбілқайыр хандығы батысында – Жайық (Орал), шығысында – Балқаш, оңтүстігінде – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде –Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты.


20- Билет

  1. Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.

  2. Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.

  3. Оғыз мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.





Жауабы:

1.Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.

XVIII ғасырдың 50-60-жылдары патшалық Ресей үкіметі Қазақстанды тәуелді ете түсу үшін әр қилы шараларды іске асыруға тырысты. Жайық, Сібір, Орынбор казак әскерлерінің ұйымдастырылуынан Ертіс, Есіл және Жайық бойындағы ғасырлар бойы көшпенді мал шаруашылығының өрісі болған өңірлерге казақтардың көз алартуы орыс-қазақ байланыстарын шиеленістіре түсті. Ресейдің билеуші топтарының көздеген мақсаты шұрайлы, суы мол жерден қазақтарды ығыстыру, біртіндеп казактарды осы аудандарға орналастыру еді.

Петербург билеуші топтарының арнайы нұсқауларында патша үкіметінің отарлау саясаты ашық жарияланды. 1756 жылы қыркүйек айында қабылданған шешімде Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың малын жаюға алғаш рет ресми шек қойылды. Ал 1757 жылғы желтоқсан айының аяғында Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімімен қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салынды. Ертіс пен Жайық жағасына мал жаю үшін қазақ феодалдарының орыс әкімшілігіне аманат тапсыруы міндеттелді.

Сөйтіп қазақ феодалдары ғасырлар бойғы жайылымдарын пайдалану құқығынан айырылды. Осындай ауыр жағдайға жол ашқан бір себеп - ресейлік отаршыл- әкімшіліктің жекелеген қазақ ақсүйектерінің арасындағы алауыздықты пайдаланып керек болған жағдайда ахуалды өршітіп отыруы болды. Кіші жүз ханы Нұралы мен Батыр сұлтан арасындағы келіспеушілік нәтижесінде Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерді казактарға оп-оңай тартып әперді. Ең құнарлы жер орыс помещиктері князь Юсупов пен граф Безбородконың қолында қалды. Жайық казактары Еділ мен Жайықтың аралығындағы жерге қазақтардың бұрынғыдай көшіп-қонуына мейлінше қарсылық білдірді. Олар қазактардың малы Жайықтан Еділге қарай өткенде шепті басып, жайпап кетеді дегенді сылтау етті. Патша әкімшілігінің Орынбор өлкесіндегі өкілдері де қазақтардың өз жерін еркінше пайдалануына жасанды шек қойылып отырғандығын мойындады.

Алайда 1757 - 1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен А.И.Тевкелев Жайық бойында қазақтардың мал жаюға шек қойған үкімет талабын ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді және аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. Ал Орынбор губернаторы А.Г.Давыдов қысым көрсетуден таймады.

Далалық және құмды аудандарға ығыстырылған қазақтардың жағдайы ауырлап кетті, жұт пен қыстың суық айлары Кіші жүз қазақтарының шаруашылығы мен күнделікті өміріне бақытсыздық әкелді.Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы қазақтардың жағдайы да ауырлады. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерді Сібір губерниялық басқармасының қолдауымен өздеріне қаратып алған бекініс коменданттары әр түрлі айламен Орта жүз феодалдарын бір-біріне қарсы қойып, құнарлы, суы мол жерге казақтардың мал жаюына қарсылық білдіріп отырды. Ресей бекіністерінен алғашында 10 шақырым кейіннен 50 шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салған патша үкіметі жергілікті халықтың иелігін өз қалауынша пайдалануға тырысты.

Орыс-казактардың санын көбейту үшін осы өңірге Ресейдің әр түкпірінен қылмыскерлерді, жерсіз шаруаларды, тіпті алыстағы Доннан, Башқұрт жерінен 1760 жылы казактарды әкеліп қоныстандырды. Тек 1799 жылғы қараша айында император I Павелдің жарлығына сай Орта жүз қазақтарына 45 000 отбасын өз иеліктеріне - Ертістің оң жағасына қайтадан қоныстандыруға және олардың мал жаюына рұқсат етілді.

Сонымен XVIII ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси-экономикалық дамуында бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан қазақ-орыс сауда байланыстарыдамыды. Қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағдайда өркендеді. Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы орыс-казак шаруаларын қоныстандыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының бастамасы болатын.


2.Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.

Көне тарихты кезеңдеудің бірнеше түрі бар.Оның ішінде ең көп қолданылатыны- археологиялық және геологиялық тәсілдер арқылы кезеңдеу.Жер және адамзат тарихын геологиялық кезеңге бөлу бойынша шамамен 67 млн. жылдай бұрын кайназой дәуірі басталды.Осы дәуірде жер бетінде сүтқоректі жануарлар, құстар, өсімдіктер пайда болды.Кайназой дәуірі үштік және төрттік кезеңдерге бөлінеді. Адамзат баласының тарихы осы төрттік кезеңмен байланысты.Төрттік кезеңді кейде антропоген яғни адамзат баласы пайда болған кезең деп те атайды. Төрттік кезең екі дәуірге бөлінеді.

1. Плейстоцен -жер бетін мұз басқанға дейінгі және мұз басқан дәуір.

2. Голоцен –жер бетін басқан мұз біртіндеп еріп қайтқан дәуір.

Археологиялық дәуірлеу бойынша адамзаттың ежелгі тарихы үш дәуірге бөлінеді – тас, қола, темір. Тас дәуірі- б.з.б. 3млн немесе 2,6 млн - 3мың жылдық. Палеолит- 3 немесе 2,6млн -12мың жылдық. Палеолит екі кезеңнен тұрады: ерте палеолит (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн.-40мың жылдық) және кейінгі палеолит( б.з.б. 40-12мың жылдық). Ерте палеолит үш кезеңге бөлінеді: олдувай (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн.-40мың жылдық), ашель(б.з.б.800-140мыңжылдық), мустье(б.з.б.140-40мыңжылдық). Мезолит- б.з.б.12-5 мың жылдық, неолит-б.з.б.5-3 мың жылдық. Өтпелі кезең(энеолит) -б.з.б.3000-1800ж. Қола дәуірі - б.з.б.2-1 мыңжылдық.Ерте темір дәуірі -б.з.б.VІІІғ.-б.з.VІ ғ.аралығын қамтиды.

Геологиялық дәуірлеу бойынша плейстоцен толығымен –палеолит және жартылай мезолитке сәйкес келеді. Ал голоцен-неолит заманына сәйкес келеді.



3. Оғыз мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.

IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент жаңа Гузия қаласы болды.

Түрік-тілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген. VII ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары түрік қағандығын құрамында болған. Батыс Түрік және Түркеш қағанаттары құлап Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойында ығысқан.

Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналасып бастағанда жергілікті печенегтердің қарсылығына тап болады. Ақыр аяғында олар жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған. Ал Махмуд Қашғаридің сөздігінде оғыздардың Жетісу және Ыстық көл мен Шу өзеннін аралығында басқа да түрік тілдес тайпалармен қатар тұрғандығы жазылған. Тек қарлұқтардың күшеюіне байланысты олардың қысымына шыдамаған оғыздар Сырдарияның бойына барып қоныстанған.


21- Билет


  1. Абылай ханның Ресей және Қытайменқарым-қатынасы.

  2. Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.

  3. Үйсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет