1-тапсырма. «Ойлан. Жұптас. Бөліс»
Оқушыларға мәтін беріледі. Алдымен жеке-жеке оқиды,
жұбымен талқылайды, содан кейін топпен ой бөлісіп, бір-
біріне түсінгендерін айтады.
Тұмар патшайым
Тұмар – біздің заманымызға дейінгі 570-520 жылдарда өмір
сүрген. Ол – қазақ халқының түп атасы есептелетін сақ
тайпасының қызы еді. Тарихта Томирис деген атпен белгілі.
Сол кездегі Мидияның (парсы) атақты патшасы Кир
көптеген елдерді жаулап алған еді. Ол сақтардың Ұлы
даласына да шабуыл жасайды.
Бұл кезде сақтардың патшасы Тұмар болатын. Соғыс
ұзаққа созылады. Ақырғы шайқасқа сақтардың әйелдері де,
қыздары да қатысады. Парсы әскері ержүрек сақ әйелдерімен
шайқасты күтпеген еді. Сақтар парсылардың әскерін толық
қиратады.
Геродот өзінің кітабында Тұмардың айтқан сөзін
келтіреді. «Басқа елдің бізге қажеті жоқ, бірақ біз өз
даламызды ешкімге бермейміз», - депті қаһарман да
кемеңгер Тұмар патшайым.
Дескриптор:
Мәтінді түсініп оқиды.
Тұмар патшайымның кім екенін таниды.
Патриотизм ұғымын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |