Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Жобалар мен рефераттарды ұйымдастыруға арналған нұсқаулар



бет86/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова

3.2.3 Жобалар мен рефераттарды ұйымдастыруға арналған нұсқаулар

Жалпы ережелер. Жобалар мен рефераттарды қорғау нысанында қорытынды аттестациялау ауызша емтихан түрлерінің бірі болып табылады. Шығармашылық жұмыс пәндік шеңберден шығып, білім беру мекемесінің ерекшелігін немесе сыныптың профилін көрсетуі мүмкін. Жобаны орындауды ұйымдастыру, сараптамалық рәсім және жобаны қорғау педагогикалық кеңеспен бекітіліп, алдын ала анықталуы керек.

Жоба мен рефератты дайындау өте күрделі жұмыс болып табылады. Осыған байланысты, пән бойынша жоғары деңгейлі дайындығы бар оқушыларға ұсынуға болады.



Реферат ретіндегі шығармашылық жұмыстың мақсаттарының бірі, әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, мәселелерді кешенді түрде зерттеу болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АҚТ) құралдарының көмегімен нұсқалар бірінің мәселелері немесе есептерінің шешімін шешуді, алгоритм немесе бағдарлама түріндегі модель жасауды жүзеге асыру жобаның мақсаты болып табылады. Жоба Web-сайты, электронды газет, оқытатын бағдарлама түрінде ұсынылуы мүмкін.

Реферат теориялық материалдың қорытынды жинағы болып табылады. Жобаны рефератпен салыстыратын болсақ, ол көбінесе машықтану бағдарымен жазылып, теориялық бөлімі де кіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет