Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет23/140
Дата08.11.2023
өлшемі1,15 Mb.
#190205
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

Оқушылардың жас және жеке басы ерекшеліктерінің ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы. Педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама, іс-шаралар, түрі мен әдіске қол жеткізу емес, баланың, жасөспірімнің, жас жігіттің өзі болуы керек. Олардың даралығын, өзіндік мінез-құлықтарын, өз бойындағы қасиеттерді сезінуін биік руханилыққа жетістіктерге дейін дамыту керек. Нарықтық қатынасқа көшу кезінде баланың өзін-өзі тәрбиеленуіне, өзінің ішкі мүмкіндіктерін сыртқа шығаруынан, өзінің қабілетін, іскерлігін танытуына зер салу қажет. Баланың ішкі мүмкіндіктері айналасындағы адамдардың оған деген сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынас жасауына тікелей байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашып айта алады, яғни үлкендердің балаға деген шынайы құрметі, сүйіспеншілігі олардың өзгелерге деген сенімін арттырады.
Жетіліп келе жатқан тұлғаның тәрбиесі оны іс-әрекетке ендіру үрдісінен, сонымен бірге сол іс-әрекеттің субъектісі екенін баланың өзінің сезінуінен және оған себепші болатын үлкендермен бірлестікте еңбек етуінен туындайды.
Тұлғаны қалыптастырудың тиімді дамуы баланың белсенділігін демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Тұлғаның құрылымындағы әлеуметтік-психологиялық жаңа өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Бірақ белсенді қызмет үрдісінде оның дене және рухани жағынан өзгеріске түсуіне, баланың күш-жігер жұмсауын арттыруға мүмкіндік береді. Тәрбие үдерісі осы тұрғыдан алғанда жоғары қарай дамитын қозғалыстын тоқтамайтын, әліде жаңа және үлкен күш-жігерді талап ететін үдеріс болып көрінеді.
Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, адамгершілік тәрбиесі, адамгершілік тәжірибеге тұрақты түрде бағытталу арқылы жүреді.
Оқушылармен бірлесе отырып, адамгершілік және рухани мәдениетті, оның тамаша үлгілерін іске асыру, соның негізінде жеке басқа тән құндылықтарды жинақтап жасап шығару, сөйтіп тәрбие жүйесінде оқушының жеке басының белсенділігін туғызумен бірге тәрбиеші жұмысының мазмұнында құрайды.

Тәрбиенің екі жақты сипаты. Тәрбие ісіне қатысу екі жақты болады: біріншіден, тәрбиеші дене тәрбиеленушіге дейінгі тікелей байланыс арқылы іске асырылатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабар неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл заңдылық мұғаліммен оқушының өзара әрекеттесуін және тәрбиенің нәтижелі болуын қарастырады. Егер тәрбие үрдісіне қатысушылардың өзара байланысы нәтижелі болмаса, тәрбие ісінің тұтастығы да болмайды. Бұл заңдылықтың нақты көрінісі оқушының сабақ үстіндегі белсенділігімен тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыс арқылы көрініс табады: тәрбиелік қызмет неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, соғұрлым тәрбиенің сапасы жоғары болады. Ендеше, тәрбие үдерісінде мұғаліммен оқушының екіжақты байланысты қызметін сипаттайтын өзара тұрақты әрекеттестікті жүзеге асыру талап етіледі. Бұл үшін тәрбиешінің өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі қажет.

Тәрбиеге еріктілік және шығармашылық көзқарас. Тәрбие үдерісі ізгілікке септігін тигізеді. Тәрбиеленушілердің өзіндік ізгі еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын: даму идеясын (кедергілерді жеңе білу, өзін көтеру), ынтамақтасу идеясын жүзеге асырудың үлгісі бола алмайды. Тәрбие үрдісі күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде адамгершілік тәрбиесі күйрейді. Тәрбиеші баланың қызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады.
Бұл заңдылыққа сәйкес педагог баланың күнделікті басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынасында өзіндік "менін" саналы түрде түсінуге, қабілетін дамытуға, өзінің жасаған қылықтарын ой елегінен өткізіп, бағалай білуге және олардың себеп-салдарының басқарғанда, "өзінің жеке басына да қалай әсер ететінін көре білуіне, өзінің іс-әрекетін" қорғаушы ретінде өзін-өзі бағалай білуіне барынша жәрдем етеді.
Тәрбиеге деген еріктілік пен шығармашылық көзқарас ықпал етудің дәстүрлі әдісі ретінде оқушыларға арнап қатаң бұйрық шығаруды қаламайды, сондай-ақ оқушының үлкендерге санасыз, еріксіз бағынуын жоққа шығарады (өміріне қауіпті жағдайдан басқада), оның орнына “педагог пен оқушының” өзара араласу стилімен түрлерін осы заманғы озық мәдениеттің өркениетті үлгілеріне жақындатады.

Тәрбиенің ұжымдық бағыттылығы. Бұл заңдылық әзірге мектеп өмір сүріп отырған жағдайда өзінің мәнін жоғалтпайды. Мектептің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны, оқушылар мен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекетті сол қалпында сақтауды қажет етеді.
Әрбір адам ұжымда қолайлы жағдайға ие болу үшін және өзінің жеке қабілетін айналасындағыларға көрсете білу үшін аз болсын, көп болсын, өзінің күш-қуатын жұмсауға тырысады. Сонымен бірге, бұл жағдайға бару жұрттың бәрінің қолынан келе бермейді. Оған түрлі субъективті және объективті себептер кедергі болады. Кез келген адам өзінің бойындағы табиғи мүмкіндіктерін табысқа жету үшін пайдалана бермейді, ұялшақтықты жеңе білмейді, ұжым мен құндылық бағдардағы пікір қайшылығына сын көзбен қарай алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет