Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Ресурстарды құру, қолдану. Порталдың ресурстармен толықтырылуы



бет19/20
Дата16.07.2020
өлшемі428 Kb.
#75289
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық және дидактикалық негіздері

Ресурстарды құру, қолдану. Порталдың ресурстармен толықтырылуы

Ақпаратты – білім ортасының ресурстары мазмұны бойынша көптеген әртүрлі ұйымдастыру көздерінен тұрады: лекциялық және ақпарат беру материалдарынан, оқыту модельдерінен, иллюстративті материалдардан, эксперимент зерттеу нәтижелерінің материалдарынан, әлеуметтік зерттеу нәтижелері және басқа да ғылыми-педагогикалық қоғамның қызығушылығын тудыратын және мекеменің ғылыми-білімінің әрекетін көрсететін нәтижелерден. Ресурстардың ерекше түрін белгілі ғылыми зерттеулерді жүргізетін және практикалық жұмыстарды Интернет желісі арқылы орындауға арналған жабдықтарды қолдануға рұқсат беруді қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппаратты-бағдарламалық жинақтар құрайды.

Портал ресурсын келесі түрде жүйелеуге болады:

Ресурстардың бірінші категориясы - бұл үлестірілген кітапхана қоры. Әрбір бөлек ресурсты ұйымдастыру жабдықтары, форматы және түріне тәуелсіз оқу орындарындағы оқу процесінде Виртуальды өкілдікті қолдануға арналған барлық ресурстар жинақталған. Ақпараттық ресурстар берілген ресурстың құру-ұйымдастыру электронлдық кітапханасында сақталады, сонымен қатар олар Портал каталогында бір мезетте бейнеленеді.

Ресуртардың екінші категориясы – Портал ережесі бойынша каталог жасайтын және оны бейнелейтін ақпаратты-білім ортасынан тыс серверлерінде орналасқан ішкі ресурстар. Бұл түрдегі ресурстарға зертханалық практикумды, жобалау және модельдеу жүйелерін және басқа да мультимедиалық ресурстарды жатқызуға болады. Берілген категорияның барлық ресурстары бірінші категория ресурстарының базасына қосыла алады және деңгейі әртүрлі Портал каталогына ену мүмкіндігі бар.

Ресуртың үшінші категориясы – бұл ұйымдастыру үшін оқу орындары ұсынған әртүрлі міндеттері бар ресурстар. Порталдың кез-келген өнімін ұсына алатын электронды магазин құрылады (Интернет магазин). Өнімді алу үшін төленетін ақы мен өнімді алу ретін қамтамасыз етуді анықтайды.

Ресурстардың төртінші категориясы – бұл оқу орнында өткізілетін іс-шаралар мен конференциялар, семинар жайлы ақпараттардан тұрады. Кез-келген категориядағы ресуртарды құру оқу орнының Виртуальды өкілдігінде жүргізіледі, ал Портал жабдықтары ақпаратты-білім ортасының барлық қолданушыларына ақпаратты жеткізу, тарату, ақпаратты алу кезінде бірыңғай ашық ақпаратты-білім кеңістігін құруды қамтамасыз ете отырып, барлық ортада ақпаратты тарату мен каталогын құруды қамтамасыз етеді.

Пәнді немесе курсты жүргізетін мұғалімнің белгілі міндетінің бірі – білім алушыны қажетті әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етуі. Порталды ресурстармен толықтыру Қашықтықтан оқыту процестерінің біріне жатады, ендіру сатысында бұл процесс оқыту элементі негізінде қолданылады.

Порталды ақпаратпен толықтыру жөнінде сөз болған жағдайда, контент пен ресурс түсініктерінің айырмашылықтарын білу қажет [66-68].

Контент – бұл мәтін, графика, мультимедиа және басқа да ақпараттық толықтырулар жинағы (34.012-200, п.3.6 СТ РК сәйкесті анықталған).

Ақпараттық ресурстар – бөлек құжаттар немесе бөлек құжаттар массиві, ақпарат жүйесіндегі құжаттар массиві мен құжаттар жинағы (кітапхана, архив, қорлар, мәліметтер базасы, басқа ақпараттық жүйелер).

Яғни, контент оқыту құралы емес. Контент – бұл электрондық басылымдарды құрайтын элементтер, яғни ақпараттық ресурстар.


2-сурет. Контент: ақпаратпен толықтырылуы





3-сурет. Электронды оқу (білім) басылымы
Электронды оқу басылымы оқу пәнінің немесе оның жүйелі мазмұнынан тұрады және электронды оқулық деп аталатын басылым түрінің ресми статусын ие.

Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері – оның «қағаз» түріне редукциясы электронды оқулықтың өзіне тән белгілі қасиеттерінің жойылуына алып келеді.



Электронды басылым түсінігіне ақпарат көздері, мәліметтер базасының анықтамасы, ақпаратты өңдеу және құру құралдары жатады.

4-сурет. Электрондық басылым


Электронды білім басылымдарының классификациясы - өзекті мәселелердің бірі. Төменде бірнеше классификация түрлері келтірілген. Осы түрдегі білім басылымдарының оптимальды варианттарына үздіксіз іздеу жүргізілуде.

5-сурет. Функциясы бойынша оқу басылымының классификациясы


Дәстүрлі оқыту жүйесінде электронды оқыту басылымдарына бағдарламалық жабдықтаманың барлық түрлері жатады. Электронды оқыту басылымдары оқытуды ұйымдастыру формасына қарай, материалды беру формасына қарай ерекшеленеді, тасығыштарды орналастыру реті бойынша ажыратылады [6].

Электронды оқу басылымдары қолданушылардың пайдалануына байланысты детерминделген (яғни қолданушыны өзгерте алмайтын) және детерминделмеген (қолданушының дайындық деңгейіне сәйкесті орнатылуы) болып бөлінеді.

Электронды оқыту басылымдарының таралу технологиясы бойынша локальды, комбинацияланған және желілік болып бөлінеді.

Сонымен қатар, электронды оқу түрлері және оларды өңдейтін материалдар бірнеше топқа бөлінеді, мысалы, басылым негізгі материал жинағынан құралып, соның нәтижесінде толыққанды электронды оқыту басылымдары жасаалады. Электронды оқыту басылымының әдістемелік белгіленуі бойынша классификациясын қарастырайық:



6-сурет. Әдістемелік белгіленуі бойынша ЭОБ-ң классификациясы


Стандартта ресурстар курс немесе пән бойынша оқу-әдістемелік материал ретінде анықталады.

Стандарт бойынша пәннің контентінің құрылуына жауапты адам – пәнді өңдеуші (құрушы) деп аталады. Активті оқу қызметін қамтамасыз ететін және қашықтықтан оқыту мақсаты мен міндетін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жинағын жүйенің бағдарламалық жабдықтамасы деп атайды.

Яғни контент пен ресурс тікелей бір-бірімен байланысты екенін байқауға болады.

Контент оқу құралдарын құруға арналған материал қызметін атқарады. Оқыту құралдары – бұл оқу мазмұнын ұсыну формаларының бірі. Көп жағдайда оқу құралдары компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар арқылы құралады.

Білім порталдарын ресурстармен толықтыруды жылдамдату үшін кафедраларда қашықтықтан оқытуға жауапты адамдар семинарлар дайындап, оны өткізуі керек. Порталдың ресурстармен толықтырылуын бақылау үшін арнайы дайындалған слайдтарында қашықтықтан оқытуға жауаптылар атқаратын операциялар жасалып көрсетілуі керек [47] .

Мысал ретінде әдістемелік жасақтармен пәнді қамтамасыз ететін Қашықтықтан оқытуға жауапты адамның орындайтын операцияларын сатылап қарастырайық:



  1. браузерді ашып, адрестік қатарға адресті енгізу;

  2. ашылған порталдың алғашқы бетінде «мамандық» менюін шерту;

  3. «кесте және оқу жоспарлары» блогынан «оқу жоспар» пунктін таңдау;

  4. өзіне қажетті университетті таңдау;

  5. түскен жылын таңдау;

  6. мамандық, оқу формасының түрі және оқу жылының санын таңдау;

  7. оқу жоспарынан: пәне атын таңдау;

  8. пән аты таңдалғаннан кейін, оқу бағдарламасы қолданушыға беріледі;

Қашықтықта оқыту формасына жауапты адам кафедрадан порталға берілген оқу материалдарының толық тізімін қарау мүмкіндігі бар [45].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет