Жүректің көлденең өлшемін аныктау үшін жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау, оның көлденеңін білуге айтарлықтай жәрдемдеседі. Ол үшін жүректің оң жақ шекарасынан, төртінші қабырға аралығымен төстің орталық сызығына дейінгі қашықтықты анықтайды. Ол қалыпты жағдайда 3—4 см-ге тең. Кейін бесінші қабырға аралығымен жүректің сол жақ шекарасынан бастап орталық сызыкқа дейінгі аралықты өлшейді. Бұл қалыпты жағдайда 8-9 см. Барлығын қосқанда жүректің салыстырмалы шекарасының көлденеңі 11-13 см-дей болады.
Жүректің конфигурациясын анықтау үшін алдымен бұғана ортасынан өтетін сызық үстінен саусақты тоске қарай параллель қойып, екінші қабырғаның деңгейінде бәсең дыбыстан тұйық дыбысқа дейін саусақ плессиметрді жылжытады. Тұйық дыбысқа келгенде саусақтың бәсең дыбысы жағынан белгі қояды. Оң жақтан да, сол жақтан да төстің шетіне қараған орын, бұл міне қан тамырларының шоғырының ені болып есептелінеді. Енді жүректің салыстырмалы шекарасын оң жақтан үшінші, төртінші; сол жақтан үшінші, төртінші, бесінші қабырға арасынан табады. Осы табылған нүктелерді қосып демографиялық сызық жүргізсек, жүрекгің конфигурациясы шығады.
Сау жүректе қарыншаның қолқаға түскен жерінде, яғни жүректің сол жақ контурында езіне тән орыны болады. Бұл негізінен қан тамырларынан тұрады. Осы бұрышты жүректің "белі, мықыны" деп атайды. Бұл сол жақ жүрекшенің орналасуына қарай анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |