Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Алматы облыстық И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты



бет13/19
Дата06.05.2020
өлшемі51,47 Kb.
#66214
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
жансая -креатив

Қырық екінші сөз

Қырық екінші сөз: «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінінің бір себебі – жұмысының жоқтығы» – деп басталып, адамзат баласының (қазақ деп алынған) жұмыссыздық, кедейшілік қырсығынан туындар қулықтары мен сұмдықтары туралы айта келіп, «Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харекеті де – осы» деп аяқталады. Жұмысы жоқтық адамның қайғысын ұмыттырып, тек тоқшылықпен жүруге үйретеді. Солай, адам қайғыны ұмытып, еріншектік басып, ойлануды қояды.

Абай заманы басқаға тәуелділік заманы еді. Бұрынғы көшпелі елдің өз тағдыры, өз заңы, өз адамгершілік құндылықтары бұрмаланып, басқа ел ыңғайына көндіріле бастаған, халқымыз соған әлі бейімделіп болмаған заман еді. Сондай өздеріне түсініксіз заманға бейімделіп кете алмай жатқан адамдар сан түрлі жолмен «қарын қамын» қамдаған болар. Абай секілді ойшылдар со заманда, зар заманда қазақ халқының бұрынға құндылықтарын жоқтап, «жатып қалған тайлағының жардай атан болғанына» мақтанып, «жоғалған тоқтысының бір отар қой болатынына» сеніп,  сол кездегі қазақтың адамгершілік құндылықтарын еске алған сандаған сөздері қалған. Абай әлем данышпандарын білмеді деуге кімнің ары барады. Фирдауси мен Низами сөздерін мысалға келтіріп, Сократ пен Аристотель ойларын дастанға айналдырған Абай кездесіп отырған заманына   назырқап әлгі сөзді айтыпты. Абай өз заманындағы билеушілер құлқы мен заман озбырлығы туралы, қазақ басына туындаған өгей заң мен қысым туралы  сөз қозғамайды.

Абай «ендігі жұрт» дегенде, болашақ жұртын ойламай отырды деуге болмас. Оған қазақ халқының бұрынғы бостандық заманын, елінің еңселі кезін жұрт есіне салғаннан пайда жоғын, қайта қазіргі қателерді көзге шұқып, қалай жөндеу қажеттілігі керектеу болған болуы керек.

Абай заманының суреттері, алдау мен арбау, барымта мен зорлық толқыны кеше ғана, Кеңес өкіметі құлап, Қазақстан Республикасы аяққа тұрып кеткенше басымызға қара бұлттай түнермеді ме? Оны ешкім де өтірікке шығара алмайды.

Демек «ендігі жұрт» аталып отырғандар басына заман тауқыметі түскен адамдар. Зорлықпен өз ғасырлар бойы өз тіршілігімен, өз тәжірибесімен елін ел етіп келгендер біреуге бодан болған кезде, жаңаға бейімделіп кетуге де ғасырлар керек болған болар. Сол кездің ел үшін соншалықты қасырет әкелерін сезген Абай дана елін бейімдеуге тырысқан болар…





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет