Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


тақырып. Техносфераның қазіргі жағдайы. Адамдарды және қоршаған ортаны қорғау



бет16/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
3 тақырып. Техносфераның қазіргі жағдайы. Адамдарды және қоршаған ортаны қорғау

1. Биосфера және техносфера ұғымы.


2. Техносфераның қауіпсіздік жүйелері.
3. Өмір сүретін ортаны қауіпті және зиянды факторлардан қорғау.
1. Биосфера және техносфера ұғымы
Биосфера дегеніміз атмосфераның төменгі қабатынан, гидросферадан және литосфераның жоғарғы қабатынан тұратын, техносфераның әсеріне шалдықпаған жердегі тіршіліктің орналасқан аймағын айтады.
Техносфера дегеніміз адамның материалдық, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатына жету үшін техникалық құралдардың көмегімен тікелей немесе жанама әсерінен түрленген биосфера аймағын болып табылады.
Техносфераның мазмұны-ол, адам қоғамының еңбек етуінің нәтижесінде пайда болатын өндіріс ортасы болып табылады. Мысалы, металлургия, шахталар, рудниктер пайдалы қазба өндірістері және т.б.
Техносфера ( гр. techne - өнер, шеберлік, sphaira - шар ) - адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажетсінулеріне жақсы сәйкестендіру мақсатымен адамдардың техникалық құралдардың тікелей және жанама әсері арқылы өзгертілген биосфера бөлігін айтады.

техникалық құралдар мен адами факторлардың тікелей әсері

техникалық құралдар мен адами факторлардың жанама әсері







БИОСФЕРА



ТЕХНОСФЕРА

Адам мен оны қоршаған орта (табиғи, өндірістік, қалалық, тұрмыстық және басқа) тіршілік қауіпсіздігі үрдісінде бір-бірінен тұрақты әрекеттеледі.


Кейде бұл терминнің мынадай анықтамасы кездеседі: шаруашылық-өндірістік айналымдарды энергия ағыны мен заттектердің табиғи алмасуынан оқшаулау тұрғысында шаруашылық айналымына тартылатын табиғи ресурстарды пайдаланудың және қайта пайдаланудың іс жүзінде тұйык аймақтық ғаламдық келешек технологиялық жүйесі (Дедю,1989) [11, 51 б.].
Техносферадағы ең жоғарғы қауіп төндіретіндер транспорттық авариялар, жарылыс пен өрт, радиациялық авариялар, химиялық және биологиялық қауіпті заттармен ластайтын апаттар, гидродинамикалық апаттар, тазалау және электроэнергетикалық объектілердегі апаттар.
Қауіптің негізгі көздері, ол адам, объектілер (машина, станоктар, құралдар, ғимараттар, жер, жол, энергия т.б.), еңбек өнімдері – технологиялар, операциялар мен әрекеттер, табиғи-климаттық орта (жауын-шашын, су тасқыны, күннің белсенділігі және т.б.), флора мен фауна болып табылады.
Гидросфера ұғымы деп қатты, сұйық және газ күйінде болатын жердегі барлық сулардың қосындысын айтуға болады. Жердегі барлық су қорынан 97,5% ащы су құрайды.
Ауыз су қоры шамалы, сондықтан таза судың сапасын сақтау адамзат үшін маңызды орын алады. Адам тамақсыз, бірақ сумен 2 ай бойы, ал сусыз – бірнеше күн өиір сүру мүмкін.
Жыл сайын Қазақстанда халықты сапалық ауыз сумен камтамасыз етуі нашарлайды. Халықтың 16,5% ашық су қоймасының суымен қолданылады. Ол тырысқақтың, гепатиттың және басқа да ішек инфекциялар санының өсуіне әкеледі. Оңтүстік Қазақстан тырысқақ аурудың жоғары тәуекелі бар территориясы болып табылады.
Жер бетіндегі су қоймаларының ластағыш көздері тазаланбаған канализациялық жуынды сулар, теңізге қалдықтардың көмуі мен жоюы, су көліктермен қолданылуы жәнетанкерлердің апаттары болып табылады.
Әлемдегі су ресурстарды адаммен қолдануында екі бағытты бөледі: сумен қолдану және сумен тұтыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет