Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет125/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia

тын 
Алмастырыл-
майтын 
Алмастырыла-
тын 
Алмастырыл-
майтын 
Аланин Аргинин 
Глутамин 
қышқылы 
Лизин 
Аспарагин Валин 
Пролин 
Метионин 
Аспарагин
қышқылы
Гистидин Серин 
Треонин 
Глицин Изолейцин 
Тирозин Триптофан 
Глутамин Лейцин  Цистеин  Фенилаланил 
Алмастырылатын амин қышқылдары жануарлар ағзасына 
қоректік заттармен түсуі керек. 
Алмастырылмайтын амин қышқылдарына жататындар: валин, 
изолейцин, лейцин, лизин, метионин, треонин, триптофан жəне 
фенилаланин. Алмастырылмайтын амин қышқылдары құнарлы 
азықтың құрамында болады.
Шартты түрде алмастырылмайтын амин қышқылына гистидин 
жатады, себебі оның азықтағы шамалы жетіспеушілігі асқорыту 
жолындағы микробтардың синтезделуімен толықтырылады.
 Алмастырылатын амин қышқылдарына мыналар жатады: 


187
аланин, аспарагин жəне глутамин қышқылдары, серин. Олар жа-
нуарлар ағзасында түзіледі. Құрамына алмастырылатын амин 
қышқылдары кіретін белоктардың биологиялық бағалылығы 
біршама төмендеу болады.
Жарым-жарты алмастырылатын амин қышқылдарына жата-
тындар: аргинин, глицин, тирозин, цистидин жəне цистеин. Про-
лин жəне оксипролин имин қышқылдары мал ағзасында түзіле 
алады.
Белок прблемасын шешуде мал азығы дақылдары егісінің құ-
рылымын дамыту, өсімдік протеинін өндіруді молайту, бұршақ 
тұқымдас дақылдардың (бұршақ, сиыр жоңышқа, соя, үрме бұр-
шақ) егісін кеңейту маңызды рөл атқарады. Мал азығына баратын 
дəнді дақылдарда белок 12-14%, ал бұршақ тұқымдастарда оның 
мөлшері үш есе көп.
Белоктің қоры микробиологиялық жəне химиялық синтез жо-
лымен өндіру арқылы молайтылады. Микробиологиялық əдіспен 
алынған белоктің биологиялық құндылығы өсімдік тектес бело-
ктан əлдеқайда жоғары, оның құрамында барлық керекті заттар 
бар.
Асқорыту жолында белоктар амин қышқылдарына дейін 
фер 
 
ментативті гидролиз жолымен ыдырайды. Ферментативті 
гидролизді протеолиз деп те атайды.
Белоктар протеолизі ағзаның кез келген жасушасында про-
теолиттік ферменттер тобының əсерінен жүреді. Протеолиттік 
ферменттерді қазіргі номенклатура бойынша пептидгидролаза 
деп, ал ескіден қалыптасқан атаулары бойынша протеаза неме-
се протеиназа деп атайды. Бұл ферменттер белок молекуласының 
пептидтік байланыстарының гидролиттік ыдырауын катализдейді. 
Белоктардың молекуласын ыдырататын ферменттердің субс-
траттық арнайы талғаушылық қасиеттері бар, ол төмендегі фак-
торларға тəуелді:
- полипептидтік тізбектің ұзындығына;
- полипептидтік тізбекті құрайтын амин қышқылдарының ра-
дикалдар құрылымына;
- полипептидтегі байланыстың орнына;
Ішкі пептидті байланыстар эндопептидаза, ал шеткі (соңғы) 
пептидтік байланыстар экзопептидаза ферменттерімен ыдыраты-
лады.


188
                R
1
                           R
2
                          R
n
                                                  R
m
                 ׀                              ׀                              ׀                                                     ׀
 NH

– CH – CO – NH – CH …CO–NH–CH–CO–NH…. CO — NH – CH – COOH 
      
экзопептидаза                     эндопептидаза     
     экзопептидаза 
  (аминопептидаза)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет