NH
2
амин
амин қышқылы
Аминдер улы заттар, жануарлар ағзасында аминооксидаза
фер менттері аминдерді тотықтырып, альдегидке, одан əрі карбон
қышқылдарына айналдырады. Əрі қарай карбон қышқылдары β –
тотығады, ал сутегінің асқын тотығын каталаза ыдыратады.
8.3. Аммиакты байланыстыру жолдары
Тірі ағзалардың барлығында амин қышқылдары ыдырап, ам-
миак түзеді. Бұл улы зат, қанда аммиак мөлшері 40 – 50 мкмоль/л-
ден аспауы қажет, осы шамадан асқан жағдайда мидың функция-
сы бұзылады.
Катаболизм процесінде пайда болған аммиакты ағзада байла-
ныстыратын бірнеше жолы бар:
1. Ағзада түзілген аммиактың 90%-ы мочевина (зəр) түрінде
ағзадан шығарылады. Мочевина бауырда синтезделеді, ағзаның
басқа мүшелерінде синтезделген аммиак глутаминмен (глутамин
қышқылының амиді, глн) байланысқан түрде бауырға жеткізіледі.
+NH
3
H
2
O О
׀׀
СООН – (СН
2
)
2
– СН – СООН H
2
N– C – (CH
2
)
2
– CH - COOH
Достарыңызбен бөлісу: |