Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет182/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia

Натрий мен калий 
ағзада хлорид, қос көмір қышқылы жəне 
фосфор қышқылы тұздары ретінде кездеседі. Бұл иондар сұйық 
ортаның осмостық қысым мөлшерін сақтауға қатысады. Ағзаға 
натрий негізінен ас тұзы арқылы енеді. Натрий алмасуы өте 
қарқынды жүреді. Мəселен, бір тəуліктің ішінде сүйек пен қанда 
30-40% алмасады.
Калийдің асқорыту жолдарының барлық бөліктерінде сіңірілуі 
диффузия жолымен өтеді деген болжам бар. Іс жүзінде азықтағы 
калийдің барлық көлемі сіңіріледі, сөйтіп жалпы қанға араласып, 
бүкіл ағзаға тарайды.
Натрий мен калий ағзадан бүйрек арқылы шығарылады.
Темір 
ағзада органикалық емес жəне органикалық қосылыс-
тар құрамында кездеседі, ол қандағы гемоглобин мен бұлшық ет-
тердегі миоглобиннің құрамына кіреді.
Темір ағзадағы зат алмасу процестеріне маңызы зор, тотығу-
тотықсыздану реакцияларына қатысады. Бұл реакцияларда темір 
жасушалар тіршілігіне əсері мол хроматиндер құрамына, гемо-
глобиннің гем құрамында қызмет атқарады.


279
Асқорыту барысында темір негізінен ащы ішекте сіңіріледі. 
Ағ зада темірдің алмасуы гипоталамустың орталығымен реттеледі.
Темір азайғанда қанның қызыл түйіршіктері – эритроциттердің 
түзілуі əлсіреп, жасушалық метаболизмге қажетті оттегі жетіс-
пейді. Бұл ауру, əсіресе, мыс жетіспесе, өрши түседі.
Мыс 
қанда, бауырда, мида, аз мөлшерде бұлшық еттерде бо-
лады. Ол тотықтырушы каталаза, цитохром, аскорбиноксидаза 
жəне лактаза ферменттерінің құрамына кіреді. Ол гемоглобинді 
түзуге қатысады.
Ағзадағы сұйық орталардың реакциясын бірқалыпты ұстап 
тұруда ондағы буфер жүйелерінің маңызы зор. Ағзаның сұйық 
ор тасында кездесетін буфер жүйелерді түзуге əртүрлі минерал-
ды заттар: бикарбонаттар, фосфорлы тұздар, аммоний тұздары, 
органикалық қышқылдардың натрий немесе калий тұздары қа-
тысады.
Адам денесіндегі минерал тұздарының жалпы мөлшері салма-
ғының 3 пайызына тең. Тəулігіне адам ағзасына қажет минералды 
тұздардың мөлшері оның жасына, жынысына, сыртқы ортаның 
жағдайына, қозғалыс əрекетіне сəйкес өзгеріп тұрады. Ересек 
адамға тəулігіне орта есеппен 8 г - Na
+
; 3-5г - К
+
; 0,8 г - Са
2+
; 0,5г 
- Mg
2+
; 13-15 г - Ғе
3+
; 1,0 г - Р; 4 г - Cl иондары қажет.
Ағзадағы тұздардың алмасуын реттеуге орталық жүйке жүйе-
сімен қоса, бүйрек үсті, қалқанша бездері маңындағы бездердің 
гормондары қатысады.
Мырыш 
инсулин гормоны мен көптеген ферменттердің бел-
сенділігін арттырып, өсіп жетілу, көбею процестеріне жан-жақты 
ықпал жасайды. Пролактин гормоны арқылы сүттілікке, фол-
ликулин арқылы жыныстық қабілеттерге əсер етеді. Ағзадағы 
тыныс алу процесінің маңызды бөлшегі – көмірқышқыл газын 
шығаруды да құрамында мырышы бар карбоангидраза ферменті 
қамтамасыз етеді.
Кобальттің 
активтілігі оның В
12
 витаминінің құрамына енуіне 
байланысты. Оның құрамында 4,5% үш валентті кобальт болады. 
Кобальт гидролитикалық ферменттердің активтігін арттырып, ну-
клеин қышқылдары мен қанның түзілуін жылдамдатады. Оның 
тікелей əсерінен сүйек кемігінің қан түзетін қабілеті күшейіп, 
эритроциттер гемоглобиндерінде темір сіңімділігі артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет