Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі



бет209/237
Дата06.02.2022
өлшемі9,17 Mb.
#36785
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   237
Литература

  1. Бим И.Л. Концепция обучения немецкому языку как второму иностранному (на базе английского). – М., Титул, 2001 – С. 45.

  2. Митрофанова О.Д и др. Методика преподавания русского языка. – М.,1990. –С.17-20.



Тыңдалымды тестілеу


Мамаева М.Қ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Қазақстан)


В данной статье рассматриваются методы аудиотестирования.
This article deals with methods of listeninq durinq the test.

Ұлттық білім беру үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің баюына, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. ХХІ ғасырдың маманы ой-өрісі кең, жан дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман болуы тиіс. Сонымен қатар ол адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез-келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өзіндік орны бар дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші механизмі.


Сондықтан студентті тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, келешектің иесі, тірегі ретінде қарау, соған мүмкіндік жасау қажет.
Осыған байланысты жоғары оқу орнындарында білім беруде ғалымдар оқу процесін «технологияландыру» - яғни оқытуды «кепілді нәтиже беретін өндірістік-технологиялық процеске айналдыру» мәселесін көтеруде.
Технология шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету дегенге саяды.
Оқыту технологиясын дәстүрлі және иновациялық технология деп бөледі.
Инновация – білім беру процесін түбегейлі өзгерту, жеке тұлғаның қалыптасуына қолайлы жағдай жасау, оларды «белгісіз келешекке» дайындау.
Инновация – жаңа білім негізінде жаңа қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған әрекет. Оқыту технологиясы ерекше бәсекелестік факторы ретінде пайдаланылғанда ғана инновациялық сипат алады. Инновациялық технологияның бірі – тест тапсырмалары арқылы оқыту.
Бүгінге дейін тест тапсырмалары оқыту емес, бақылау үшін жасалады деген пікірлер болды. Сондай-ақ оқу процесінде тест түріндегі тапсырмалардан гөрі басқа тапсырмалар көбірек қолданылып келді.
С.В.Аванесовтың пікірінше, шетелде де білім беру жүйесінде тест тапсырмаларының салмағы басқа тапсырмалар арқылы оқытудан басым. [1;7]
Ғалым оқыту технологиясында көбірек орын алған тестік емес тапсырмалар мен тест тапсырмаларының қайсысы тиімді екенін былайша көрсетеді: «оқытуда тапсырмалар әр түрлі жаттығулар, дәстүрлі сұрақтар, күрделі құрылымды есептер болып келетін. Мұндай тапсырмалар тест жасауға тиімсіз, өйткені олардың нақты жауабын табуға көп уақыт және интелектуалды қуат қажет болады. Ал тестілеудің технологиялық әдістемесі дұрыс жауап пен қате жауап арасындағы айрмашылықты дәл және жылдам ажыратуға бағытталған» [1;9]
Ғалым З.С.Күзекова: «Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады: «біріншіден мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауымның сабаққа, тіл үйренуге деген ынтасын оятады, екіншіден, тест тіл үйренушінің тілдік білімін жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудан, оны тапсырғаннан кейін нәтижесін талқылаудан тек оның пайдасын көреді.» - деп атап көрсетеді [2;17]
Сонымен, тест тапсырмаларын тек қана білімді бақылау үшін пайдаланады деу қате. Шындығында тест түріндегі тапсырмаларды пайдаланатын басты сала – оқу процесі, өз бетінше білім алу, өзін-өзі тексеруде.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқитын топтарда коммуникацияға, яғни сөйлеу тіліндегі қатысымға негізделген тестілер арқылы білім деңгейін бақылап отыру – қажеттілік. Коммуникативтік тест тапсырмалары қатысым ситуацияларында пайдаланылатын тілдік материалдарды екшеп, сұрыптап ала отырып,тілді қолданушының тілді коммуникативтік мақсаттарға қолдана алуын тексеруге бағытталады. Мұндай тестілер қатысымдағы лексика-грамматиканы, тыңдап түсінуді, оқып түсінуді, жазбаша, ауызша сөйлеуді бағалауға бағытталған тест тапсырмаларының жиынтығынан тұрады.
Біз бұл мақалада осындай кешенді тест тапсырмаларының бірі – тыңдалымды тестілеу жайына тоқталамыз.
Тіл үйренушінің тыңдағанын түсінуін тексерудің екі категориясы бар. Тыңдап түсінудің қарапайым нұсқасы (сұрақ қою) бастапқы деңгейдегі тіл үйренушілердің сөздік қорын тексеруге, грамматиканы білудің бастапқы деңгейін бағалау құралы ретінде де қолданылады. Мысалы: Аптаның қай күні демалыс күні? Қазан жылдың қай мезгілі? Бұл қай сабақ? т.б.сұрақтарды түсінген тыңдаушы, оған бір сөзбен жауап береді, яғни аптадағы әр күн аттарын, мезгіл, ай атауларын білетінін дәлелдейді. Біз қайдан келдік? Қайда отырмыз? Қашан қайтамыз? т.б. сұрақтарды тыңдап түсінсе, оған дұрыс жауап берсе, септік жалғауларын білетіндігін көрсетеді.
Сонымен қатар, тыңдалымды диктант алу жолымен дұрыс жазуды бағалау құралы ретінде де қолданып жүр. Бірақ тыңдалымды қолданудың бұл түрлері тыңдалымды тестілеу емес.
Тыңдалымды тестілеудегі біздің мақсатымыз – тіл үйренушінің естігенін және арнайы тыңдағандарын түсініп, жауап бере алу деңгейін анықтау.
Тест мазмұны әр деңгейдегі тест тапсырмалары диалогтар мен монологтардан туындайды. Диалогтар деңгей ретіне қарай 2-3 сөйлемнен (репликадан) 20-40 сөйлемге дейін ұлғаяды. Монолог көлемі 40 сөзден 450-500 сөзге дейін ұлғаяды. Диалог пен монолог арнайы бейімделген мәтіннен сол күйіндегі көркем, саяси- қоғамдық, ғылыми мәтінге дейін қамтиды.
Тыңдалым тестін жасаушыларға мынадай міндеттер жүктеледі: 1) тест құрылымы халықаралық деңгейде қалыптасқан үлгілерге сәйкес жасалуы тиіс; 2) тест құрылымы жеңілден ауырға қарай сатылана жасалуы тиіс; 3) тыңдалымға ұсынылатын диалогтар мен мәтіндер әр деңгейге сай ауызекі сөйлеу тілінің, көркем әдебиет тілінің, ресми-іс қағаздары тілінің үлгілерін қамтуы тиіс; 4) диалогтағы жағдаяттар мен монолог тақырыптары қайталанбауы тиіс; 5) диалогтар мен монологтарға берілетін сөйлем құрылымы әр деңгейдің лексика-грамматикалық материалы негізінде құрылуы тиіс.
Тыңдалым тестінің деңгейлерін тілді бағалаудың әлемдік деңгейлеріне сүйене отырып, қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары және жетік деп бөлуге болады.
 - қарапайым деңгейді бағалауға арналған тыңдалым тестінің құрылымы 4 бөліктен тұрады: 1) өте жеңіл тапсырма – қарапайым сұрақтар; 2) жеңіл тапсырма – 2-3 репликадан бастап 4-5 сөйлемнен тұратын шағын диалогтардан тапсырма беріледі; 3) орташа тапсырма – 6-12 сөйлемге дейін қатысып құралған орташа және ұзақтау диалогтардан тапсырмалар; 4) қиындау тапсырма – 40-50 сөзден немесе 10-12 сөйлемнен құралған мәтіннен тапсырмалар.
 – базалық деңгейді бағалауға арналған тыңдалым тестінің құрылымы да төрт бөліктен тұрады, бірақ сәл басқалау. Бұл деңгейде қарапайым сұрақтар жоқ, бірден шағын диалогтардан басталады: 1) шағын диалогтар; 2) орташа диалогтар; 3) ұзақ, қиындау диалогтар; 4) орташа монологтар.
 – орта деңгей мен  – ортадан жоғары деңгейге арналған тыңдалым тестінің құрылымы 3 бөліктен тұрады: 1) орташа диалогтар; 2) ұзақ диалогтар; 3) монологтар.
Құрылымы бірдей бұл екі деңгейдің айырмашылығы тыңдауға берілетін диалогтар мен монологтар мәтінінің күрделілігі және тапсырмаларды беру ерекшеліктері.
 – жоғары деңгей мен  – жетік деңгейге арналған тыңдалым тестінің құрылымы да 3 бөліктен тұрады: 1) ұзақ диалогтар; 2) полилогтар; 3) монологтар. Құрылымы бірдей бұл екі деңгейдің айырмашылығы да тыңдауға берілетін материалдың күрделілігі және тапсырмалардың күрделілігі.
Тест тапсырмалары өте жеңілден қиынға қарай беріледі. - дегі тапсырмалар сәйкесін табу, сөйлемді аяқтау, қысқа сұрақ қоя білу түрінде болса, -дегі тапсырмалар мәтінде жоқ ақпарат, негізгі ақпарат, қосымша ақпарат жайлы болады. - дегі тапсырмалар оқиға өтіп жатқан мезгілді, мекенді, ортаны анықтау, мағыналас сөздерді анықтау, қарсы-мәндес сөздерді айқындау, мәтін идеясын түсіну болса, -дегі тапсырмалар сөйлеушінің ниетін түсіну, оқиға мен фактіні дәл есте сақтау, негізгі пікірге қоса қосымша деректерді де ескеру, мәтін мақсатын айқындауға арналады. -дегі тапсырмалар мәтіндегі астарлы сөздердің мәнін түсіну, сұқбаттың мақсатын айқындау, мәтінді тақырыптарға бөлу болса, -дегі тапсырмалар сұқбатқа қатысушылардың пікірін нақтылау, қатысушылардың позициясын тану, көзқарастарын болжау, мәтінге ат қоя білу т.б. түрінде болады.
Тест тапсырмаларының берілу формасы С.В.Аванесов негіздемесі бойынша төртеу: 1) бір дұрыс жауапты таңдау; 2) бірнеше дұрыс жауапты таңдау; 3) ашық тапсырма; 4) сәйкесін табуға арналған тапсырма.
Тестілеуді компютер арқылы іске асыруда бірінші форма тиімді. Сондықтан тест тапсырмаларының берілуінің бірінші формасы бойынша (бір дұрыс жауапты таңдау) тыңдалым тестілерінің әр деңгейінен үзінділер берейік.
Үлгілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет