Тәуліктің қай уақыты екендігі құжаттың кез – келген түрінде 24 сағаттық уақыт өлшемімен көрсетілуі керек. Қажет болған жағдайда жергілікті уақыт екендігі атап көрсетіледі. Мысалы, жергілікті уақыт бойынша 20 сағат10 минутта.
Мекемеге немесе жеке қызметкерге келіп түскен хатқа жауап қайтарған кезде бірінші жолдың ортасына «Сізден 12. 07. 2006 ж. № 1970 нөмірмен келіп түскен хатқа орай» деп атап көрсетілуі керек.
Ресми қабылданған қаулы я шығарылған жарлық т. б. ресми құжаттардың негізінде, оның орындалу орындалмауы жөнінде немесе сол құжат бойынша іске асырылып жатқан шаралар жөнінде дайындалған іс қағаздарында немесе ұйым, мекеме басшысы нұсқауларының орындалу барысына орай жазылған іс қағаздарында алғашқы құжат туралы айтылуы керек. Мысылы, «Қазақстан Республикасы Президентінің 12. 07. 2006 ж. ... туралы шығарылған Жарлығына сәйкес» немесе «Білім және ғылым министрінің 15. 10. 2006 ж. ... жөніндегі нұсқауына сәйкес» т. с. с.