Зейнетақы активтерін басқару нарығын дамыту Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша функцияларды бәсекелі ортаға беру есебінен экономиканың басым секторларын қаржыландыру үшін «ұзын» ақшаларды бере алатын зейнетақы активтерін басқару компаниялары атынан стратегиялық инвесторлар класы құрылады. Стратегиялық инвесторлардың пайда болуы эмитенттер үшін қор нарығында қаржыландыруды тартуға қосымша ынталандыру болады. Сонымен бір уақытта жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыз етудің алдыңғы жүйесінің кемшіліктерін ескеру қажет.
Салым салушыларға зейнетақылық жинақтарын инвестициялық басқару стратегиясын және басқару компаниясын таңдау құқығы берілетін болады, бұл да зейнетақылық қызметтер нарығында бәсекені қамтамасыз етеді.
Қорландыруға сұранысты қамтамасыз ету Қорландыруға сұранысты қамтамасыз ету үшін эмитенттерді қолдау бағдарламасын енгізу арқылы жеке компанияларға құнды қағаздар нарығында қаржыландыруды тарту үшін ынталандырулар жасалады, сондай-ақ тұрғындар үшін өзінің жинақтарын түрлі құнды қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері кеңейтіледі.
Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік сектор компанияларын қазақстандық қор биржасына шығару жүзеге асырылады.
Мемлекеттің экономикаға қатысуының айқындығын арттыру және бизнесті мемлекеттік қолдау процестерінің нарықтық қағидаттарына сәйкестігін арттыру үшін мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және қор нарығының құралы арқылы мемлекеттік қолдауды ұсынуға жағдайлар жасалады.
Брокерлік қызмет көрсетуді, активтерді басқаруды, капитал мен эмитенттер нарығын талдауды қоса алғанда, инвесторлық базалар қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынатын инвестициялық банктердің жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды.
Банктік емес өзге де қаржылық қызметтерді дамыту Сақтандыру секторын институттық дамыту және тұрақтылығын арттыру бойынша, венчурлік қаржыландыруды дамыту үшін заңнаманы жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Баламалы қаржыландыру көздерінің тартымдылығын арттыру мақсатында инвестицияларға кепілдік беру және шығындарды өтеу жүйелерін енгізу мүмкіндіктері қарастырылады.
Инвестициялық құрамдағы ерікті жинақтаушы сақтандыруды дамыту үшін өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар салымшыларға ұсынылатын инвестициялық өнімдер ассортиментін кеңейтеді. Сақтандыру қызметтерінің тізбегін кеңейту және сақтандыру компанияларының тұрақтылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
ШОБ секторын жедел өтімділікпен, оның ішінде мемлекеттік қолдау, лизингтік қызмет көрсету нарығын дамыту есебінен қамтамасыз ету мақсатында факторинг нарығын дамыту бойынша шаралар енгізіледі.