2.6 «Технологиялық брокерлерді тарту» бастамасы. Елге қазіргі заманғы технологиялардың ағынын қамтамасыз ету мақсатында B2B (бизнеске арналған бизнес) форматында технологиялық брокерлік қызмет көрсетулер нарығын ынталандыру жөнінде шаралар тұжырымдалатын болады. Технологиялық брокерлердің міндеті – кәсіпорындар диагностикасын жүргізу, ынтымақтастық пен трансфер нысаны бойынша консультациялар беру және оқыту, жаңа технологияларды енгізуге қатысты ұсынымдар беру, мамандар мен әріптестерді тарту болып табылады.
2.7 «Инвестициялық жобаларға міндетті технологиялық сараптама жүргізу» бастамасы.Мемлекеттік бюджеттен қолдау табатын өңдеу өнеркәсібінің инвестициялық жобаларына технологиялық сараптама жүргізудің бірыңғай тәсілдері/критерийлері енгізіледі. Бұл тәсілдер/ критерийлер ескірген технологиялар ағынын және өндіру рентабельділігі мен өнімділігі төмен тиімсіз жобалардың санын азайтуға бағдарлануы тиіс.