Қымызды дайындау кезінде технологиялық жағдайы келесідей үрдістерден тұрады:Сүтті дайындау , ашытқы дайындау , ашыту, қымызды ысыту, араластыру, құю жəне қаптау , газдеу, салқындату жəне сақтау. Сүтті дайындау – бұл процесі сүтті өлшеу жəне сүтті ваталы сүзгіден немесе үш-төрт қабаттан тұратын дəкемен сүзу болып табылады.
Айран ашытқысының 3 стаканын бір шелек бие сүтіне құяды. Ашытылған сүтті басында бірнеше жоғарғы температурада қалдырады, 22-25 оС, ал сосын қоңыр салқын температурасы 0-15 оС жерге ауыстырады. Қымыз дайындауда ерекше бір əдіс араластыру болып есептеледі. Бір күннен кейін сауылған сүттің үстіне ашытқының қоспасын құяды жəне жақсылап араластырады.
Бұл мутовканың төмен – жоғары соққысы арқылы 1-1,5 сағатта екі-үш мың рет соғылу арқылы жүреді. Келесі күні ашытқы дайын болады.
228
Достарыңызбен бөлісу: |