Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет78/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Шел майды дайындау. Шұжық дайындау өндірісінде шел майды табиғи жəне тұздалған күйінде пайдаланады. Оны дайындау: сырт терісін айыру, артық тұздан жəне əртүрлі ласталынған заттардан тазалау, суыту жəне ұсақтау операцияларынан тұрады. Шел майын кесектеп ұсақтайды, кесектің қалпы жəне мөлшері, əртүрлі сұрыпты шұжық дайындау нұсқаулар талабына сай келуі тиіс. Кесу қолмен, я болмаса шел май кесетін машинамен жүргізіледі. Шел май кескішпен ұсақтағанда, шел май қызып, қысымға ілігеді де, қатты басылады, қалпы өзгереді. Мұндай шел майды пісіргенде, тез арада еріп те кетуі мүмкін. Көрсетілген кемшіліктерді болдырмау мақсатпен, шел майын алдын-ала температурасы 00С дейін суытады. Шел майды, ұсақталған етке қосып кутер қондырғысымен де ұсақтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет