замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың
маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-
рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Сонымен бірге, Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымынша рухани жаңғыру
ұлттық сананың түрлі бөліктерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын
құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын
болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр-
намасы. Түп тамыры түрік өркениетінен нәр алған қазақтардың тағылымы мол
тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін
алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын,
болашаққа сеніммен бет алатыны әбден аян. Бұл ретте, тұтас қоғамның және
әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттары көрсетілген
сол мақалада. Олар:
-
Бәсекелік қабілет
. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі
бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік
қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я
болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл
материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге,
Достарыңызбен бөлісу: